Оқыту – оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы. Оқушы тұлғасын танымдық іс- әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру. Оқушыларды оқытудың мотивтері. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті. Мұғалімнің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттары мен құралдары. Педагог-новаторлар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс-әрекет идеясы мен технологиясы. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.
Оқушылардың өз бетімен білім алуы, ақпараттық, коммуникативтік, құзыреттілігі, функционалды сауаттылығы - олардың белсенді танымдық іс- әрекеттерінің нәтижесі. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге әсері. Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын