Тақырыбы: Экожүйе гомеостазы. Организмнің дамуы біртұтас жүйе ретінде дамуы. Қоршаған орта және адамның бейімделу механизмдері. Алматы 2021 Орындаған: Смаилова Әмина Тобы: жм21-028к жоспар



бет1/4
Дата13.11.2023
өлшемі1,22 Mb.
#191163
  1   2   3   4
Байланысты:
Экология 3 апта 2-ші Смаилова Әмина (копия)


Тақырыбы: Экожүйе гомеостазы.
Организмнің дамуы біртұтас жүйе ретінде дамуы. Қоршаған орта және адамның бейімделу механизмдері.
Алматы 2021
Орындаған:Смаилова Әмина
Тобы: ЖМ21-028К
Жоспар
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1 .Экожүйе гомеостазы.
2. Организмнің дамуы біртұтас жүйе ретінде дамуы.
3. Қоршаған орта және адамның бейімделу механизмдері.
III.Қорытынды.
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
  • Экожүйе дегеніміз- тірі ағзалар өмір сүретін табиғаттың өлі бөліктерімен қарым-қатынас жасайтын жанды және жансыз бөліктер арасындағы заттар айналымы.Бұл терминді 1935 жылы А.Тенсли ұсынды.

Экожүйе гомеостазы.
  • Экожүйенің гомеостазы. Тарихи қалыптасқан экожүйе оның құрамына кіретін жеке организмдердің жай ғана жинағы емес, ол қоршаған ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайларында өзінің тұрақтылығын сақтап қала отырып, әрі қоршаған орта мен экожүйенің өз құрамындағы өзгерістерінде де бейімделе алатын жүйе болып саналады. Экожүйенің өзін-өзі сақтау және реттей алу қасиеті гомеостаз деп аталады. Гомеостаздың негізгі популяция тығыздығының қоректік ресурстарға тәуелділігі мысалы арқылы көрсетуге болатын кері байланыс принципі болып табылады. Ол бірнеше басқыштардың тұрады: әрбір басқыш аймағында кері қайтымды байланыс әсер етеді. Қоректік ресурстар мөлшерінің көбеюі, не азаюы әсерінен гоместаз бір басқыштан екінші басқышқа ауысады.
  • Ауыл шаруашылығында егіс өнімділігін арттыру үшін тыңайтқыштар қолданылады. Бірақ та тыңайтқыштардың шектен тыс пайдалану қайтымды кері байланыс жүйесінің ең жоғарғы шегінен де асып кетіп, нәтижесінде агроценоздың деградацияға ұшырауына әкеп соғады. Мысалы, тыңайтқыштарды шектен тыс көп пайдалану Орта Азияның мақталы егіс далаларының эрозиясы мен тұздануына әкеліп соқты.

Экожүйе гомеостазы.
  • Гоместаз тек қана организмдер мен олардың өнімдеріне емес, өлі табиғатқа да тән. Өйткені, организмдердің тіршілік әрекеті абиотикалық факторларға тікелей байланысты. Екінші жағынан, организмдер де абиотикалық ортаға түрліше әсер етеді. Организмдердің тіршілік әрекетін үнемі инертті заттардың физикалық және химиялық өзгерістерін туғызады. Органикалық заттарды синтездеуші және ыдыратушы организмдердің итіршілік іс-әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаның химиялық құрамына өзгеру жылдамдығы оның геологиялық процестердің әсерінен өзгеру жылдамдығынан әлдеқайда артық. Тіпті барлық тіршілік атаулыны жойып жіберетін өрттерден соң да, топырақта өртке төзімді тұқымдар мен тамырлар қалып, өздерін де, бүкіл системаны да сақтап қалады.

Экожүйе гомеостазы.
Организмнің дамуы біртұтас жүйе ретінде дамуы.
Онтогенез
  • Онтогонез - грек. (on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет