лабораторияға жіберіледі. Лажсыз сойылған малдан ең лайықты материал -
көк бауыр, шошқадан жақасты жэне жүтқыншақ сөл түйіндері.
Зертханада ең алдымен жағындыны микроскоптайды. Капсуламен қор-
шалған өзгеше ірі таяқшалардың болуы топалаңға алдын-ала диагноз қоюға
негіз болады да, бұл туралы шаруашылықты жэне ауданды бақылайтын вете-
ринариялық қызметке хабар етіледі. Бұл алдын-ала қойылған диагноз ауру
қоздырушысының таза өсінін бөлу арқылы расталуы керек. Ол үшін тексе-
рілетін материалды қоректік ортаға себеді жэне лабораториялық жануарларға
жұктырады. Бөлінген өсінді өзіне тэн қасиеттері бойынша (қозғалмайтын,
гемолиздік белсенділігі жоқ, оң "меруерт моншағы" сынамасы, өзгеше то-
палаң бактариофагымен эрекеттескенде еруі) айқындалады. Бациллаларды
бұдан да тезірек иммунофлуоресценция эдісі бойынша табады. Бөліп алынған
микробтың уыттылығын анықтау міндетті шарт болып есептеледі.
Егер өлексе бұзылып кетсе лабораторияға терінің (10x10 см) немесе
ағзалардың кесіндісін жібереді. Бұлардан даярланған экстракты преципитация
реакциясында тексеру арқылы бактериологияның нэтижесі теріс болған жағ-
дайда да диагноз қоюға болады Лажсыз сойылған малдың етін міндетті түрде
топалаңға тексеру қажет. Медицина практикасында адамды, ал соңғы кезде
ветеринарияда шошқаны тірі кезінде ауруға топалаң аллергені (антраксин)
арқылы тері сынамасын қолданып тексереді.
Ажыратып балау.
Сиырда қарасаннан, қойда брадзот пен энтеротоксе-
миядан, барлық жануарларда қатерлі домбығудан, пастереллезден, пироплаз-
моздардан, лейкоздан, уланудан, тышқаншықтан, тимпаниядан, күн өтуден
жэне ыстық өтуден ажьфату қажет.
Емі.
Диагнозы қойылғаннан соң ауырған малды жедел оқшаулап, емдеу-
ге кіріседі. Емдеу үшін топалаңға қарсы қан сарысуы мен иммуноглобулин
қолданылады. Бұл дэрмектерді тері астына бір орынға 25-30 мл, жылқы мен
ірі қараға 100-200 мл, қой, ешкі, шошқаға 50-100 мл жібереді. Аурудың қатты
болған кезінде көк гамырға жібереді. Қолданылар алдыңда дәрмектерді су
қобдиында 37-38°С дейін жылытады. Анафилаксия болмау үшін алдымен тері
астына 0,5-1 мл жіберіліп, 15-30 мин соң қалғанын жібереді. Қан сарысуымен
қабаттастырып пенициллин немесе стрептомицин пайдаланса емнің нәтижесі
жоғары болады. Сауыққан малды 14 күн өткен соң вакциналайды.
Достарыңызбен бөлісу: