Оқулық. Алматы, 518 бет


БІРНЕШ Е TYJIIKKE ОҒТАҚ АУГУЛАР



Pdf көрінісі
бет97/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

9.БІРНЕШ Е TYJIIKKE ОҒТАҚ АУГУЛАР
9.1. Топалаң
Топалаң (
A nthrax,
сибирская язва) - жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес 
қабыну ретінде байқалатын жүқпалы ауру. Бүл ауру малдың әр түлігінде 
өзінше аталып келді. Топалаң атауы.негізінде қой мен ешкіге тэн. Жылқыда -
жамандат, талақ немесе қарабез, сиырда - қарасан немесе қарабез .(қарасан қа- 
зіргі көзқарас бойынша басқа дербес ауру), түйеде - шелек немесе ақ шелек, 
адамда - күйдіргі немесе түйнеме.
Тарихи деректер. 
Ауру біздің дэуірімізден көп бұрын белгілі. Ертедегі 
араб дәрігерлері "парсы күйдіргісі", ал грек жэнс рим ғалымдарь/ "теқті 
күйдіргі" деп атаған. Орта ғасырларда топалаң қырғын індет ретінде көптеген 
Европа және Азия елдерінде байқалып түрды. Ресейде аурудың "сибирская 
язва" аталуы Сібірде қызмет еткен, дәрігерлер А.ЭшкетЖЭне Ң.Ножевшиков 
(1758) адам мен малда осы дерттің ғылми сипаттамасын беруіне байланысты 
болатын.
Топалаңның қоздырущысың Гермаңияда Поллсндер (1849), Фраңцияда 
Райне мен Давен (1850) өлген малдың қанынан тапты. Бүл микробтың қорек- 
тік ортадагы таза өсіндісін 1876 ж. Р.Кох бөліп алды да, оның спора түзе- 
тіндігің анықтады. Л.Пастер (1881) бірінші болып жануарларды осы микроб- 
тың элсіретілген өсіндісі арқылы вакциналау мүмкін сксндігін тэжірибе жү- 
зінде дәлелдеді. Бүл эдіспен вакцина дайындауды Ресейде Л.С. Цснковский 
(1883) іске асырды. 1944 ж. Н.Н. Гинзбург СТИ вакцинасын, ал 1956 ж С. Г. 
Колесов пен басқалар ГНКИ гидроокись аллюминий вакцинасын үсынды.
Топалаң дүниежүзінде көптеген елдерде байқалып түрады.
Қоздырушысы 
-
Bacillus anthracis
ірі (3-10x1-1,5 мкм) қозғалмайтын 
грам оң, спора түзетін ауасыбағалы таяқша. Жануар организмінде ,және 
табиғи белогі мол қоректік ортада қауашақ түзеді жэне бүл қасиет уытты 
штамдарына тэн. Өсуіне қолайсыз жағдайда, ауадағы оттегінің қатысуымен
15...42° С.температура аралығында спора түзеді. Сойылмаған өлекседе спора 
түзілмейді де, өлексе шірігенде микроб өліп қалады. Спора түзу арқылы бұл 
микроб түр ретінде сыртқы ортада сақталады.
Патологиялық материалдан алынған жағындыда бациллалар жеке-жеке 
немесе жұптаныц, сирек жағдайда қысқа тізбек ретінде орналасады. Боялған 
жағындыда тізбектегі таяқшалардың шеті шорт кесілгендей, болмаса ,тіпті 
аздап дөңестеніп бітеді, ал тізбектің өзі бамбук таяғы сияқты бунақтанып 
тұрады.
Микроб қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. ЕПА (ет пептон 
агарында) өскенде R - формасына тэн жатық, күңгірт-сүр түсті, бұжырланған, 
шеті жырымдалған колониялар түзеді. ЕПС (ет пептон сорпасында) пробир- 
каның түбінде үлпаланған бір шөкім мақтаға ұқсас тұнба береді. Ет пептон 
желатинасына пісіп еккенде аударылған шырша тәріздес өседі. Пенициллин 
қосылған ЕП А -да өскенде домаланып, шарға үқсайды. "М еруерт моншағы
134


құбылысы" деп аталтын бұл қасиеті топалаңға диагноз қою үшін пайдала- 
нылады. 
В. anthracis
өзіне тән бактериофагқа аса сезімтал. у-МВА деп атала- 
тын бактериофаг (авторлары Я.Е. Коляков пен В.А. Байрак) лабораториялық 
диагностикада қолдаңылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет