Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет301/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Ажыратып балау. 
Тілменің жіті, жітіден төмен түрлерін обадан, пас- 
тереллезден, листериоздан, топалаңнан, қылаудан, ыстық жэне күн өтуден, ал 
созылмалы түрін обаның созылмалы түрінен, микроплазмалық полисерозит- 
тен, стрептококкоздан, остеомаляциядан, рахиттен ажырату керек. Оба өте 
жүғымтал келіп, көп шығынға үшыратады.
Пастереллезде өкпеде крупозды қабынулар кездеседі.
Топалаңда өзгерістер көбінесе ангиналық белгілермен білінеді. Жалпы 
бактериялық ауруларда соңғы қорытынды бактериологиялық зерттеулердің 
нэтижесіне негізделеді.
Емі. 
Тілмеге қарсы арнайы сарысу мен антибиотиктердің емдік қасиеті 
өте жоғары. Гипериммундік сарысуды ауру малдың тірі салмағының эр ки- 
лограммына 1-1,5 мл мөлшерінде тері астына не бұлшық етіне жібереді. 
Жануарлардың халі өте ауыр болса, жіберілетін сарысудың жартысын қүлақ- 
тың қан тамырына жібереді. Сондай-ақ, пенициллин, стрептомицин, окситет- 
тациклин, экмоновациллин, эритромицин, т.б. антибиотиктер жақсы емдік нэ- 
тиже береді. Әсіресе, пенициллинді малдың тірі салмағының эр килограмына
2-3 мың ӘБ есептеп, арасына 6-8 сағат салып егеді. Антибиотиктерді сарысу- 
мен бірге еккен өте жақса нэтиже береді. Ауру малдарға эр түрлі симпто- 
матикалық дэрмектер қолданады.
Иммунитет. 
Ауырған шошқаларда ұзаққа созылатын иммунитет түзіле- 
ді. Белсенді иммунитет үшін екі түрлі тірі вакцина қолданылады. Біреуі 1931 
жылы Румыния ғалымы В. Виноградник бөліп алып, әлсіретіп әзірлеген «ВР- 
2» штамына дайындалған; екіншісі Д.Ф. Коневтің «К» штамынан дайындал- 
ған деполанған вакцина. Сонымен қатар, өлтірілген концентрленген аллюми-
383


ний тотығы қосылған формолвакцина қолданылады. Вакциналармен 2 айдан 
асқан шошқаларды егеді. ВР-2 вакцинасын бір рет, ал деполанған концентр- 
ленген вакциналарды арасына 12-14 күн салып 2 рет егеді. 4-5 ай өткенсін 
қайталап вакциналау керек.
Енжар иммундеу үшін арнайы тілмеге қарсы гипериммунді сарысу 
пайдаланылады. Иммунитет 14 күнге дейін сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет