Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет298/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Тілме бактериясы жануарлар әлемінде ең кеңі- 
нен таралған микробтардың қатарына жатады. Шошқада тілме спородия 
немесе індет түрінде дүниежүзінің барлық елдерінде дерлік кездеседі. Ауруға 
көбінесе 3-12 айлық шошқалар бейім келеді. Сондай-ақ, табиғи жағдайда 
тілмемен қозы, тауық, үйрек, күрке тауық, көгершін, кемірушілер (тышқан, 
егеу-қүйрық) ауырады. Тілмемен адам да ауырады. Адамда эризипелоид көбі- 
несе алақанында, саусақтарында, терінің, тері асты ,үлпаларынын суланып, 
қабыуымен, сөл тамырларының кеңеюімен сипаіталады.
Спорадия түрінде тілмемен жылқы, сиыр, қой, бұғы, ит, көптеген жабайы 
қүстар ауырады. Теңіз, өзен балықтарында ауру қоздырушысы сапрофит ре- 
тінде жиі кездеседі.
Табиғатта көптеген үй жэне жабайы жануарлардың арасында әсіресе, 
шошқа, кемірушілер жэне қүстарда тілме микробын алып жүрушілік кеңінен 
таралған. Қоздырушысының табиғатта кең таралуы және сыртқы орта жағда- 
йына төзімділігі аурудың тұрақты қорламасының қүрылуын ,жэне індеттің 
табиғи ошақтарының белгілі бір жерге түрақтануын қамтамасыз етеді,
Ауру қоздырушысының бастауы - ауру жэне :микроб алып жүруші 
шошқалар. Микроб алып жүрушілерде ауру коздырушысы әдетте. жүтқыншақ 
сөл түйіндерінде жэне ішек фолликулаларында орналасып, эр түрлі стресстер- 
дің, әсіресе, протеиннің жетіспеушілігі жэне сыртқы ортаның ыссылығының 
эсеріңен аурудың клиникалық белгілері байқалады. Осы себептен тілме 
шаруашылыққа көбінесе басқа жақтан экелінбейді, өз ішінен шығады.
Қоздырушының берілу факторларына жем, су, нәжіс, төсеніш, күгу құ- 
рал-саймандары, өлексе, сойыс өнімдері, топырақ, т.б. жатады. Ауру қоздыру- 
шысын тасымалдауға кемірушілердің, көк шыбынның, қүстардын қатысуы 
мүмкін.
Ауру негізінен қоректік жолмен, ал сирегірек жанасу жэне 
і
трансмис- 
сивтік жолдармен жүғады.
Тілме топырақ инфекциясы болғандықтан оның таралуында топырақтың 
алатын орьшы ерекше. Ауру көбінесе көктемгі - жазғы маусымда негізінен 
мал басын толықтыруға жэне бордақылауға бөлінген жас шошқалардың 
арасында жиі кездеседі. Індеттің кеңінен жайылып, ;қарқынды таралуына 
күннің ыссы жэне ауаның ылғалды болуы, шошқаларды жақсы желдётілмей- 
тін тар қораларда үстау, тасымалдау, күн өту, жемде протеин, минералды 
заттар, витаиндердің жетіспеуі сияқты қолайсыз жәйттер эсерін тигізеді. 
Сонымен, тілменің тұрақты түрде белгілі бір аймақта және көбінесе жылдың 
жылы мезгілінде қайталанып отыруы оның індеттік ерекшелігі болып 
есептеледі.
380


Індеттік тұтанудың ұзақтығы жэне шығын көрсеткіші шошқаны өсірудің 
технологиялык жүйесіне, ауруды жылдам жэне дэл балауға, қоздырушының 
уыггылық жэне антигендік ерекшеліктеріне, табындағы имунитеттің құрылы- 
мына, сауықтыру шараларын ұйымдастыруға байланысты болады. Әдетте 
індеттік тұтану қорадағы шошқаны түгел қамтымайды, ауруға шалдығу 
көрсеткіші 20-30% аспайды, шығын 55-80% жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет