Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет352/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мәселелер саналатын яегізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симшомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Жұмыртқа өндіретін, бройлер өсіретін құс фабрикаларында тауықтарды 
Нюкасл ауруына қарсы егуді жоспарлау жэне орындау тэртібін негіздеңіз.
14.2. Тұмау
Құстың тұмауы 
(Grippus avium,
грипп птиц) - септицемия, домбығу, 
тыныс жэне ас қорыту мүшелерінің зақымдаңуымен ерекшеленетін жұғымтал 
ауру.
Тарихи деректер. 
Ауруды алғаш рет Италияда Перрончито (1880) 
«тауықтың сүзегі» деген атпен сипаттады. Кейіннен бірқатар елде байқалып, 
құстың европалық немесе кэдімгі обасы деп аталды (Ньюкасл ауруы құстың 
азиялык обасы немесе жалған оба деп аталған).Қазіргі кезде оба атауы өте 
қатерлі індет ретінде байқалатын құстың аса зардапты тұмауына қатысты 
қолданылады. Аурудың қоздырушысы вирус екендігін 1901 ж Чентани дәлел- 
деді, 1951 ж бүл вирус 
Influenza virus,
ал ауру тұмау деп аталатың болды.
Қоздырушысы 
-
Influenza A influenzavirus -
ортамиксовирустар туыс- 
тастығына жататын, құрамында РНҚ бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ 
тұмау вирусының А тобына жатады. Негізгі антигендері: .Н(гемагглютиңин) 
жэне N(нейраминидаза). Н антигені бойынша 5 кіші топқа (H1-H15), олардың 
эрқайсысы N антигеніне байланысты 9 кіші топқа (N1-N9) бөлінеді. Жабайы 
құстар тұмау вирусының барлық кіші топтарының табиғи қорламасы болып 
табылады. Әсіресе құстарды зардаптайтын 15 кіші топқа жататын вирустар 
құс тұмауы вирустары (ҚТВ) деп аталады. ҚТВ зардаптылығы бойынша жоға- 
ры зардапты құс тұмауының (ЖЗҚТ) жэне төменгі зардапты құс тұмауының 
(ТЗҚТ) вирусы деп бөлінеді. ЖЗҚТ вирусы Н5 жэне Н7 кіші топтарға жатады
олар құстарды 100% дейін өлімге ұшыратады.ТЗҚТ вирусы клиникалық бел- 
гісі өшкін немесе жеңіл өтетін ауру тудырады.Табиғатта кең тараған тұмау 
вируеының әр түрлі штаммДарының арасынан, анықталмаған себептерден
кейбіреулері доминанттық басымдыққа ие болып, жаппай індет қоздырады.
Сыртқы ортада вирус біршама төзімді. 65-70°С-та 2-5 мин. белсенділігін 
жояды. 4°С температурада зардаптылығын бірнеше апта сақтайды. Төменгі 
температура мен лиофильді кептіргенде 2 жылға дейін сақталады. 5% тұз 
қышқылы, 4% фенол, 3% хлорлы әк, 2% күйдіргіш натрий,' 5% карбол қыш- 
қылы ерітінділері вирусты 5 мин. ішінде бейтараптайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет