Қоздырушысы
-
Mycoplasma galliseptica,
полиморфты, көбінесе кок-
тарға ұқсас, жартылай ауасыбағалы,
белокпен, көмірсулармен, стериндермен,
витаминдермен байытылған қоректік орталарда,
тауық эмбриондарында, тор-
ша өсіндерінде өседі. Лиофильді кептіргенде, төмен температурада қатыр-
ғанда бірнеше жыл, өсіндіде 2-4°С-та - 60 күнге, 20°С-та - 30-60 күнге, 37°С-
та - 15 күнге дейін сақталады,
ыстыққа төзімсіз, бірнеше минутта өледі.
Дезинфектанттарға сезімтал.
Індеттік ерекшеліктері.
Ауруға тауық, күрке тауық, бөдене, қүр, шіл,
көгершін басқа да тауық түқымдас құстар шалдығады. Негізінен тауық пен
күрке тауық ауырады, әсіресе, 2-4 айлық балапандар мен жұмыртқапай бас-
таған жас мекиендер сезімтал келеді.
Реписторлық микоплазмоз көбінесе өндірістік
негіздегі ірі шаруашылық-
тарда, шектеулі кеңістікте құстарды тығыз орналастырғанда байқалады.
Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайы аурудың тез таралуына жағдай жасайды.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру жэне микоплазма апып
жүруші қүс. Ауру қоздырушысы аэрогендік жолмен жэне жүмыртқа арқылы
трансовориальді беріледі. Микроклиматтың жайсыздығы,
құсты тасымалдау
мен орнын ауыстыру, вакциналау сияқты қолайсыз эсерлер аурудың шығуына
жағдай жасайды. Микоплазмоз әдетте колибактериоз, жүқпалы ларинготра-
хеит жэне жүқпалы бронхитпен қабаттасып көбінесе
қосарланған инфекция
ретінде өтеді. Өлім көрсеткіші 5% -дан 50% -ға дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: