Атаулар мен ұғымдар Пуллороз, Pullorosis, Salmonella pullorum gallinarum. Қан тамшысы
агглютинация реакциясы.
Бақылау сұрақтары 1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма Тауықтарды қан тамшысы агглютинация реакциясымен пуллорозға қалай
тексеретінін егжей-тегжейлі баяндаңыз (қанды алудан бастап реакцияның
нэтижесін бағалауға дейін).
14.4. Сальмонеллез Құстың сальмонеллезі (
Salmonellosis avium, сальмонеллез птиц) - бала-
пандарда диарея мен септицемия, ересектерінде жасырын микроб алып жүру
ретінде өтетін көптеген үй жэне жабайы құстардың ауруы.
Тарихи деректер. Алғаш рет көгершіндердің
S. typhim urium тудырған
ауруын Леффлер (1892) байқады.
Қоздырушысы. Негізгі қоздырушысы -
Salmonella typhimurium, қазіргі
жіктелім бойынша
Salmonella enterica. Микробтың төзімділігі мен басқа
қасиеттері төлдің сальмонеллезі, құстың пуллорозы бөлімдерінде келтірілген.
Індеттік ерекшеліктері. Үйрек пен көгершін жиі, сирегірек тауық, күрке
тауық жэне қаз ауырады. Үй құстарының 6-20 күндік балапандары сезімтал
болады да, ауру жіті өтеді. 2,5 айдан асқанда созылмалы, ал ересек құста
симптомсыз немесе жыныс мүшелерінің шектеулі зақымдануы ретінде өтеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру немесе сальмонелла алып
жүретін құстар. Олардың жүмыртқалары, зарарланған жем, су, құрал-жабдық-
тар жұғу факторлары болады. Микроб трансовориальдік жэне алиментарлық
жолмен беріледі.
444
Індет ошағы әдетте тұрақты сипат алып, ауру құстың күтімі нашарлаған
кезде қайтадан ерлейді. Жас балапандардың витаминнің жетісисуінең, гель-
минт инвазиясынан ауруға төзімділігі төмендейді.