60-сурет. Лкмфоидты лейкоз кезіндегі ішкі агзаяардыц зақьшдануы.
Дауалау және күресу шаралары.
Лейкозға қарсы құсты жасанды жол-
мен имуңдеу ешбір нэтиже берген жоқ. Аурудың алдын алу үшін жалпы
ветеринариялық-санитариялық шаралар қолданылады, лейкоздың вирусын
алып жүретін құстардың мекиендер тобынан тез аластаудың маңызы өте зор.
Өсіру үшін инкубациялық жұмыртқа мен балапанды тек қана лейкоздан сау
шаруашылықтан алу керек. Балапандарды жасына қарай жеке тогітарға бөліп
ұстау қажет. Селекциялық жүмысты лейкозға төзімді құс тұқымын алуға,
лейкоздан сау құс басын қалыптастыруға бағыттаған жөн.
14.8. Марек ауруы
Марек ауруы
(Mobrus M arek,
болезнь Марека) - ішкі ағзаларды ісік
шалып, шеткері жүйке жүйесінің қабынуымен сипатталатын тауық тұқым-
дастығының созылмалы өтетін вирус ауруы.
Достарыңызбен бөлісу: