Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет363/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 2-6 күн. Ауру ; жіті өтіп, 
балапандарды 100% қамтиды. Ауырған балапан дел-сал болып, бір жерге ұй- 
лығып, жылу көзіне үймелейді, кейбіреулерінен қырылдаған дыбыс шығады. 
Екінші күні жүні үрпиіп, мойынын созып, қанаттарын салбыратып, басын 
шайқап, түмсығындағы бөгде заттан құтылатындай қимыл жасайды. Конъ- 
юнктивит, ринит байқалады. Кейбір балапандар тұмсығын созып, зорланып 
тыныс алады. Ауру 7-8 күнге созылады, жазылған балапандар мекиен бол- 
ғанда жұмыртқа таппайды.
Ересек тауықтар симптомсыз ауырып, жүмыртқа өнімі 35-60% төмен- 
дейді. Жаңадан жүмыртқалай бастаған мекиендердің жүмыртқасы оншама 
азаймайды. Егер басқа инфекциямен асқынбаса бірнеше аптадан кейін тауық 
жазылып, жүмыртқалауы қалпына келе бастайды, бірақ бүрынғы деңгейіне 
жетпейді, ауырып жазылған тауық мүкіс жүмыртқа салады.
Патологоанатомиялық өзгерістер. 
Өлексені сойып қарағанда танау 
қуысы мен кеңірдекте фибрин іріміктері араласқан серозды немесе серозды- 
кілегейлі экссудат болады. Жекелеген бронхалар фибринді массамен бітелген, 
бастапқы бронхалардың төңірегіндегі өкпе үлпасы қызыл қошқыл түсті, 
тығызданған. Ауа қапшықтарының қуысында көбікті экссудат, кейде фибрин 
іріміктері араласқан. Ересек тауықтардың жүмыртқа фолликулалары семіп
аналық безінде киста болады. Жүмыртқа жолының түтігі қабынып, кей жері 
жабысып, кисталар ұшырасады. Ауру тауықтардың жүмыртқаларының қабы- 
ғының 5-50%-ы бүдырланып, 25%-дайы жүмсарып, 12%-дайы жүқарады. 20% 
жүмыртқаның сальпингиттің эсерінен ақуызы іріміктеніп кетеді.
Балау 
індеттанулық деректерді, клиникалық жэне серологиялық зерттеу- 
лердің нәтижелерін талдауға негізделеді. Зертханаға аурудың клиникапық 
белгілері айқын білінген 5-10 балапанды, 60 күннен асқан әр жастағы 15-25 
тауықтың қанын жібереді. Зертханада ауру балапандарды сойып, кеңірдектің, 
көмейдің, өкпенің кесінділерін вирусты бөліп алу үшін тауық эмбрионына 
жүқтырады, сау балапандарға биосынама қояды. Арнайы антигендер мен қан 
сарысуының диагностикалық жинағын пайдаланып вирусты бейтараптау 
реакциясы, диффузды преципитация жэне қосалқы гемаггютинация реакция- 
ларын қояды. Жүқпалы бронхитті Ньюкасл ауруынан, жүқпалы ларинготра- 
хеиттен, шешектен, респираторлық микоплазмоздан ажырату қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет