Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет361/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі бірнеше күннен 2 айға Дейін
қолдан жүқтырғанда 10-20 күн. Індет бастапғанда жекелеген қүстардың аппе- 
титі нашарлап, бей-жай болып, катарлы ринит байқалады. Кейіннен қырыл- 
дап, ентігіп, жөтеледі, катарлы ринит серозды-фибринді сипат алады. 'Кейбір 
қүстарда конъюнктивит, синусит, жақ астының домбығуы байқалады. Қүс көп 
қозғалмай, қауырсындарын үрпитіп, айдары бозарып, балапандар өсуін, ал 
мекиенДер жүмыртқалауын тоқтатады.
Күрке тауықта ауруға тэн белгісі - көз асты синусының қабынуы жэне 
тыныс мүшелерінің зақымдануына байланысты қырылдаған дыбыстың пайда 
болуы. Жасырын симптомсыз өткенде құстың қанындағы антиденелерден 
басқа аурудың ешбір белгісі болмайды да, құстың күтімі нашарлағанда барып 
байқалады. Сау емес шаруашылықтарда эмбриондардың инкубацияның соңғы 
кезеңіндегі өлімі көбейеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер 
негізінен тыныс мүшелерінде кезде- 
седі. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары катарлы қабыну-ға 
ұшырап, қанға кернеліп, қоймалжың экссудат болады. Ринит, синусит, тра- 
хеитпен қатар серозды аэросаккулит байқалады. Көбінесе көкректегі ауа қап- 
шықтары зақымданады. Олардың тысы күңгірттеніп, қан тамырлары білеу- 
леніп, ішінде серозды экссудат болады. Егер қосалқы микробтар қабаттаспаса, 
басқа мүшелерде өзгерістер өте сирек байқалады.
Балау індеттанулық деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанато- 
миялық өзгерістерге, биосынама мен зертханалық тексерудің нэтижелеріне 
негізделеді. Төсеніш шыныда құстың қан сарсуымен қойылған агглютинация 
реакциясы алдын ала диагноз қоюға негіз болады. Түпкілікті қорытынды бак-
446
I


териологиялық тексеру мен 5-10 күндік балапанға қойылған биосынаманың 
нэтижесі бойынша жасалады.
Дауалау жэне күресу шаралары. 
Ауырып жазылған құста салыстырма- 
лы стерильсіз иммунитет қалыптасады. Аурудан сау емес шаруашьшықтаң 
алынған жұмыртқадан шыққан балапанның 15-20 күнге жететін енжар имму- 
нитеті болады.
Микоплазмоз байқалғанда шаруашылыққа карантин қояды. Арасынан 
ауру шыққан құстарды түгелдей сойып, мұқият дезинфекциялаған соң орнына 
сау құстар әкеледі. Әкелінген қүстың аналық тобында жэне 8 айға дейінгі 
балапандардың арасында ауру байқалмаса шаруашылықтанікарантин алына- 
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет