Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет382/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Ет қоректілердің обасымен жыртқыштар туыс- 
тастығының көптеген өкілдері: ит, қасқыр, қорқау қасқыр, түлкі, жанат, 
қарсақ, күзен, сасық күзен, сусар, ақ тышқан, кэмшат, борсық ауырады. 
Бүлғын басқа аңдарға қарағанда төзімді келеді.
Обамен жыртқыш аңдар мен иттер жасына, түқымына қарамай ауырады
әйтсе де жас кезінде сезімталдығы жоғары болады. Әсіресе иттің күшігі 12 
айға дейін, терісі бағалы андар 5 айға толғанша жиі ауырады. Ересек иттер 
мен аңдар 3-4 есе сирек шалдығады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған және ауырып жазылған жа- 
нуарлар. Соңғылары 3-6 ай бойы вирус алып жүреді. Қоздырушы көзден, мұ- 
рыннан аққан сорамен, тыныс шығарғанда ауамен, нәжіспен, несеппен бөлі- 
неді. Респираторлық және алиментарлық жолмен жүғады. Ауамен ауырған 
жануардан 12 м дейін қашықтыққа беріледі. Ластанған қүрал-сайман, жұмыс 
киімі, жануарлар азығы жұғу факторлары қызметін атқарады. Сонымен қатар, 
жәндіктер, қүстар, кемірушілер де ауру таратуға қатысады, олар механикалық 
тасымалдаушы болып қана қоймай, жасырын вирус алып жүруі де мүмкін.
Жабайы аңдар оба вирусының табиғаттағы қорламасы болады. Аң фер- 
малары мен ит питомниктерінде ауру сырттан енгізілген жануарлармен, иесіз 
иттермен, зарарланған заттар арқылы экелінеді. Оба жылдың қай мезгілінде 
болсын байқалып, індет немесе спородия түрінде өтеді.
Дерттенуі. 
Денеге енген вирус тез арада қанға өтіп, мононуклеарлы лей- 
коциттер арқылы лимфоидты ағзаларға жетеді. Алғашқы 5-6 күн ішінде лим-
466


фоидты жүйеде көбейген вирус кейіннен макрофагтар арқылы бүкіл денеге 
жайылады. Вирустың эсерінен ең алдымен иммунитет жүйесі зақымданады 
да, организмнің қорғаныс қабілеті тежеледі. Көп ұзамай аурудың клиникалық 
белгілері өрбиді. Вирустық инфекцияға қосалқы бактериялық инфекциялар 
(сальмонеллалар, эшерихиялар, пастереллалар, коктар) қабаттасып, ауру ас- 
қынады.
Өтуі мен симптомдары . Жасырын кезеңі итте 2-3 апта, терісі бағалы 
аңдарда 10 күннен 30 күнге дейін, кейде 3 айға созылады. Ауру жіті, жітіден 
төмен, созылмалы жэне үзікті өтеді.
Жіті өткенде әдетте дене қызуы 41-42°С-қа жетіп, аппетиті болмай, есең- 
гіреп, мүлгіп, 2-3 күн өткенде өліп қалады. Аурудың жіті өтуі сирек байқа- 
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет