102
Вибрациялық үдеріс сипатын оқуға мүмкіндік беретін жылжымалы
шарғының
орын ауыстыру жылдамдығы, тетік жұмысының принципі
жайлы 4.19-сурет түсіндіреді.
4.2.5.
Деформация датчиктері
4.2.2.
бөлімінде қуат пен қысымды деформацияға өзгертушілер
қарастырылды. Деформацияны өлшеу арқылы оның әуелгі параметрі
көлемін анықтауға болады. Деформация қашанда дене өлшемінің
өзгеруімен байланысты. Сондықтан оны өлшеу дененің жоғарғы
жағындағы бір участоктың басқаға орын
ауыстыруын өлшеуге алып
келеді. Егер деформация әжептәуір болса онда бұрын қарастырылған
орын ауыстыру тетіктерін, мысалы реостатты, көлемді, индуктивті
немесе оптикалық тетікті қолдануға болады. Мәселе деформация өте
кішкене болғанда, орын ауыстыру
тетіктерімен оны анықтауға
мүмкіндік болмағанда туындайды. Сонымен қатар, бұл деформация
басқа тәсілдермен оны өлшеу мүмкін болмайтындай, айтарлық үлкен
күш салудан пайда болу да ықтимал. Ондайда тензорезистрлер
негізінде тензометрикалық тетіктер қолданылады. Бұл тетіктердің
жұмысы тензоэффектке, яғни өткізгіш белсенді электрлік кедергісінің
механикалық деформация кезіндегі өзгерісіне негізделген.
Металл
өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына пропорционал және көлденең
кесік ауданына кері пропорционал екені белгілі. Өткізгіш созылғанда
оның ұзындығы артады да кесік ауданы кемиді және мұндай қос жақты
ықпал оның кедергісінің айтарлықтай өзгеруіне алып келеді. Негізі
тензорезисторлар иірлей салынған жұқа қағазға желімденген, үстінен
қорғаныс лагымен жабылған, диаметрі 0,02.. .0,05 мм
сым немесе
фольгадан жасалынады. Сигналды ары қарай өңдеу ыңғайлы болу үшін
манганин, константан немесе нихром тәрізді жоғары үлесті кедергілі
қоспасы бар сым пайдаланады. Өткізуші қабат та вакуумда төсемге
булаумен (тек металлдар емес жартылай өткізгіштер де буға
ұсталынады) дайындалуы мүмкін. Тензорезистор деформацияланатын
элементке жабыстырылады.
Тензорезистордың шығу көлемі,
кедергінің
өзгеруі,
элемент
деформациясына
пропорционалды.
Кедергі
сигналдарды қалыптаушы
сәйкес құрылғымен кернеуде өзгереді.
4.20-
сурет. Тензорезистор
103
Тензометрикалық тетіктер қарапайым, қымбат емес, өзгерудің
желілі функциясы бар, көлемі мен салмағы шағын. Олардың кемшілігі
0,1-
ден 5 %-ға дейін.
Тензотетіктердің кемшілігі сезімталдығы төмен, өлшенетін
деформация диапазоны көп емес, шыңу сигналы әлсіз, сондай-ақ шығу
көлемі температураға тәуелді. Температура тензорезистордың
кедергісіне әсер етіп қана қоймайды, зерттелетін элементтің қосымша
деформациясын
шығарады.
Сондықтан
жабыстырылған
тензорезисторды алдын ала тексеріп алған жөн. (тензорезисторды
қайта жапсыруға келмейді, ол бір рет қана қолданылатын бұйым).
Жартылай өткізгіш тензометрикалық
тетіктердің сезімталдығы
сымға қарағанда шамамен 100 есе артық, оларға температура әсері де
анағұрлым күшті.
Достарыңызбен бөлісу: