SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023
8
«пролетариат әдемі өнері, көркем әдебиеті» деген нәрселер көктен түспейді» дейді. Осы
жайды жалғастыра отырып, автор «Біздің осы күнгі жазушы-сыншыларымыз көркем
әдебиетті сынай қалса, жұлып алғандай белден қос аяқ салады. Орта белінен келіп
бастайды. Көбінесе айтатындары «Осы күнгі әдебиетіміз қандай болу керек? Қалайша
басталуы жөн, ана ақын неге өткенді көксей береді, мына ақын неге әлдеқашан артта
қалған, қазақ ұлтының көрген кемшіліктерін зарлайды?» деген ойлар. Біздің көркем
әдебиетіміздің басы қайдан басталады, негізі қайда жатыр? Сын айтып, жазып жүрген
анадай болмасын, мынадай болсын деген жастар болса, әдебиетіміздің дүниеге шығуына
өткендегі жаман, жақсы болса да әдебиетіміздің әсері болды ма, жоқ болмаса, көркем
әдебиет деген бізде бұрын болмай, тек болғаны осы соңғы 2-3 жыл ішінде ғана шығып
жүр ме? Бұл туралы дұрыс ауыз ашқан адам, сынаушы, тіпті жоқ». Міне, бұл ойдың да
түпнұсқасы өз әдебиетіне, еліне деген сөздер емес пе?
Әмина Мәметова – әйелдер тақырыбына аса көңіл аударғандардың бірі. Оның
«Көркем әдебиетіміз қазақ әйелін тани ма?» деген мақаласы төңірегіндегі ізденістер
жайлы Ілияс, Бейімбет және басқалар сөз қозғады. Сонымен қатар, қазақ орта мектебі мен
жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне арналған оқу құралдарын
шығаруды С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ә.Қоңыратбаев және басқалармен
бірлесе
отырып,
көп
еңбек
тындырғанын
ерекше
атап
өтуге
болады.
Ол өзінің қазақ әдебиеті тарихын зерттеуге бет бұрғанын «Қазақ билерінің
шешендік сөздері және оның әдебиеттегі орны» деген тақырыпқа жазылған еңбегі дәлел
бола алады. 1948 жылы М.Әуезовтің басшылығымен «Қазақ әдебиетінің тарихына»
енгізілген 7-бөлімі «Шешендік сөздер» деген атпен басылып жарияланды. Көптеген
жылдар мектепте, жоғары оқу орындарында қызмет істеді. Кейін Қыздар мемлекеттік
педагогикалық институтының ашылуына байланысты жұмыс орнын ауыстырған Әмина
өмірінің соңғы күндеріне дейін институт жұмыстарынан қол үзген жоқ.
Кейбір дереккөздерге сенсек 1937 жылдары Ахмет Мәметовке «халық жауы» деп
жала жауып, ату жазасы тағайындалады. Ал, Әмина осы жылы «Абайға» арнап жазған
мақалалары үшін оқу жөніндегі халық комиссариатынан қуылып, қарапайым мұғалім
болып қызмет атқарады.
Сол мақалаларға тоқталып өтейік. 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналының
№11-12 нөмерінде жарияланған мақала – «Абай кезеңінің дана ақыны» 64-79 беттер
аралығында жазылған. Жоғарыда айтып өткенімізде Әмина екі тілде де еңбектер жазған.
1929 жылы 7 тамызда шыққан заңның нәтижесінде «біріңғай түркі әріпіне көшу туралы»
бұйрықтың күшіне енгеніне байланысты сол кездегі ақпарат көздері латын әріпімен
берілді. 20-30 жылдың ішінде халықтың жазба әдебиетін бір әріптен екіншіге, одан
үшіншіге көшіру – сол кездегі Кеңес үкіметінің әдейі қазақ халқын мәңгірттену үшін түркі
халықтарынан рухани және саяси қол үздіру үшін жасалған саясаты. Ал, енді мақалаға
оралсақ... [2].
Мақала «Ақын дегеніміз кім? Ақынның асылдығы, даналығы қандай болады?»
деген жалпылама сұрақтарға жауап береді. Әрбір көркем шығарманың мәні,
қымбаттылығы онымен қатар ақынның, көркем суретшінің даналығы – шығармасының
шындығымен белгіленеді.
«Егер ақын өзінің кезеңін қырағын байқап, тұрмыстың негізгі құбылыстарын
айналасынан ана ғұрлым бұрын солып, бұралқы сөздерден жиіркене, бұрыла отырып,
көңілдегі көрікті ойын талғамалы асыл сөздің інжудей тізілген тізбегі мен көгендеп,
тиісті ретте жүйелеп бере алса – ол ақынның ақындығы, асылдығы, даналығы да
осында емес пе!?
Бұл тектес шығармада, оны шығарған ақын да аса қымбат. Мұндай шығарма
мәдениет қазынасында қоғам құбылысы жөнде пікірдің жаңа бір жүйесін ашуымен
|