SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 10 жазған ұлылардың ішінде Әмина да бар. Ол Абайды немістің Гетесімен салыстыра отырып,
Енгилистің сөзіне мысал келтіреді: «Гете өз кезеңіндегі неміс қоғамына өзінің
шығармаларында екі түрлі қарайды: оны қас көреді, жиіркенеді, сондықтан «Ефигений»-сінде
қашу амалдарын істейді, былайша айтқанда Италияға саяхат кезінде Гетеше қарсы тұрады».
«Абайдың дүниеден қайтқанына 30 жыл болды» - деген мақаласы Ауыл мұғалімі
журналының 1935 жылғы №2 нөмерінің 15-18 беттерінде жарияланған [3]. Бұл мақалада да
Абайды ұлылығын, қазақ халқына арнап көп мұра қалдырғанын айта келіп, Абайдың 30
жылдығының қалай аталып өткеніне тоқталады.
«Өткен жылдың декабрь айының 30 күні қазақтың аты шулы ақыны - Абай Құнанбайұлының өлгеніне 30 жыл толғандығын ескерумен бірге оның соңына қалдырған сыни сөздерін, оның мән-мазмұнын Қазақ астанасы – Алматыдағы – партия кеңестер, мәдени-қоғам ұйымдары оқытушы, оқушылар болып еске түсірді. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі былай ескеріп отыр: Қазақстан атқару комитеті президуымының қаулысы бойынша: -
Алматы қаласында Абайға ескерткіш (памятник) қойылады; -
Алматыдағы педагог институтына, Семейдің педтехникумына Абайдың аты беріледі; -
Шыңғыстау ауданындағы Абайдың бейітін қайта түзеп, оңдап тас қояды; -
Алматы қаласының Пантан көшесі, Семейдің Абай тұрған көшесіне Абай аты қойылады; -
Ұлт мәдениеті институты Абайдың шығармаларын академиялық түрде басып шығарады. Бірінші томы – 1935 жыл ішінде шығады; -
Қазақстан екпінді көркем жазушыларына, ақындарына жыл сайын сыйлық беріп тұру ішін мідениеті институты қармағына 10 мың сомның қорын жасайды» - деп сол жылдары қабылданған шешімді жазады. [4]. Әбдіхамит Нарымбетовтың 4 томдық библиографиялық көрсеткішін көру барысында
1920-1940 жылдар арасындағы Әмина Мәметованың мақала тақырыптарын кездестіруге
болады. Оның ішінде Қызыл Қазақстанға 1927 жылы жарияланған «Көркем әдебиет туралы»
мақаласы мен Әйел теңдігі журналына 1928 жылы жазылған «Жауапқа жауап» мақаласы араб
қарпінде жазылған. Одан кейін жарияланған мақалалары: «Көркем әдебиетіміз қазақ әйелін
тани ма?» (Лениншіл жас), «Төте жолдың төркіні» (Социалды Қазақстан), «Шық бермес
Шығайбай мен Алдар көсе» (Ауыл мұғалімі), «Жұмбақ» (Ілияс шығарған) (Қазақ әдебиеті
журналы), «Керексіз кітаптар» (Жансүгірұлы, Ханкелдіұлы, Шәкенұлыларының кітаптары
туралы) (Қазақ әдебиеті журналында) сыни мақалаларын атап кетсек болады (Нарымбетов,
2001). Сол жылдары қазақ зиялыларының алдында мектеп оқушылары үшін қазақ тілінде
оқулық жазу, әдістеме құрастыру – басты мақсаттардың бірі еді. Осы жолда да Әмина апаның
қосқан еңбегі зор. Көбінесе әдістемелік шығармалары «Ауыл мұғалімі» журналына жиі
жарыққа шығып тұрды.