Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет6/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 

көптеген микросемдерді білдіреді. Сондықтан осы сөздің көпмағыналылығына қарамай, 
дефициттік (жеке ұғымға теліну) қасиетін еске алу керек. Терминді түсіну, оны реттеу 
мәселесі де осы ерекшелік негізінде құрылуға тиісті. 
Осыдан келіп терминдерді саналы түрде нормалау мәселесі туады. Ал нормалау 
деген мәселе кең мағынасында (терминдерді нормалауды айтып отырмын) бірқатар 
ғылымдарда қарастырылды: терминдерді лингвистикалық тұрғыдан нормалаумен бірге 
мазмұндық 
нормалау
логилық тұрғыдан нормалау сияқты жайларды еске алу қажет 
болады. Мәселен, мазмұндық жағынан нормалау дегенді терминнің мәні мен ол арқылы 
көрінетін дефиницияның дәлме-дәл сәйкестігі, термин мен ұғымның, шындық дүнгиедегі 
құбылыстың сәйкестігі деп түсіну керек. Ал логикалық норманы термин жүйесіндегі 
сөздердің ғылым мен техникалық ұғымдарды білдірудегі ұғымдардың иерархиялық 
жүйелерін дәл көрсетуі деп ұғынамыз.Мысалы заң терминологиясында 
"сот процесі" 
деген ұғым және оның атауы (термин) бар. Ол – лингвистикалық тұрғыдан тетік ұғым. 
Осы ұғымның құрамында осы ұғымды ашатын басқа да микроұғымдар бар: 
"
Жәбірленуші"
(человек который причинил какое-либо урон другому человеку), 
”жәбірленуші" 
("потерпевший"), 
"күәгер", "қылмыс істеген жер" (
место совершения 
преступления)
, "қылмыс істеген орны", "халық соты", "заседательдер", "айыптаушы", 
"қорғаушы", "төте дәлелдеме", "жанама дәлелдеме" т.б.
Осы ұғымдарды білдіретін 
термин сөздерді ұғымдарға қатысы жағынан жүйелеп көрсетсек, әрқайсысы үлкен бір 
сатының ( бұл арада сот процесі) әр баспалдағынан өз орындарын алар еді.
Қорыта келгенде, сөздік қор мазмұны арқылы жеткен тарихи ақпараттардың ішкі 
сырларын ашу, талдаулар жасау – ұлттың генетикалық кодын тану мен жаңғыртудың бір 
бағыты. Қазақтың ұлттық болмысын оның тілі арқылы зерттеу бүгінгі антропоөзектілік 
парадигма белең алған ғылым сұранысына да жауап береді. Тілдің сөздік қорындағы 
сөздердің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымдар зерттеу барысында факт ретінде 
қолданылды.
Қазақ тіліндегі заң терминдерінің қалыптасу, даму ерекшеліктерін анықтау арқылы, 
оларды түрлі тілдік талдауларға сай жіктеп, топтастырып, ғылыми айналымға қосу
мәселелері анықталды:

заң актілерінің тарихи дерек көздері ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері 
анықталып, оларға деректанулық талдау жасалды; 

заң актілеріндегі, кодекстердегі байырғы заң терминдерінің құрамы сұрыпталып, 
талданды; 

бұрынғы ұлт тілінде қалыптасқан заң терминдеріне этимологиялық талдау жасау 
арқылы олардың тілдегі актив қолданысына назар аударылды; 

қазақ әдеби тіліндегі заң терминдерінің қазіргі қолданылу өрісінің тілдік 
деңгейдегі орны анықталды. 
Сонымен, заң терминологиясы қазақ тіл білімінің ең күрделі де қызықты, дербес 
тармағын құрайды. Құқықтық терминологияға деректанулық талдау жасау арқылы әр 
кезеңнің өзіндік даму, қалыптасу жолдары, тәсілдері, заңдылықтары бар екенін 
дәлелдедік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет