Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 дала өлкесiнде ауыл мектептерiнiң пайда болуы



Pdf көрінісі
бет158/196
Дата15.03.2023
өлшемі32,77 Mb.
#172634
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   196
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—17 в 17.53.40

5. дала өлкесiнде ауыл мектептерiнiң пайда болуы
. Дала генерал-гу-
бернаторы Сухотин Ақмола және Се мей облыстарының әскери губернатор-
ларына орыс-қазақ мектеп терiн ашуға ұсыныс жасады. Алғашқыда бұл 
идеяға қазақтар сақтықпен қарады. Балаларын орыстандырумен қатар, 
шоқындырып жiбередi деп қауiптендi. Қазақтың және бiр қорыққан 
жағдайы – орыс-қазақ мектептерi арқылы балаларды орыс шаруаларына
айналдырып жiберер, содан соң әскер қатарында мiндеттi қызмет атқаруға 
мәжбүр етер деп үрейленді.
Сондықтан Ақмола облысындағы Халық училищесiнiң директоры 
А. Е. Алекторов
ел арасында жаңа мектептердi ашудың мақсат-мiндеттерiн 
түсiндiрдi. Орыс-қазақ мектептерiнiң материалдық базасын қамтамасыз 
етуге баса назар аударды. Оқудың қазақтың ана тiлiнде жүргiзiлуi туралы 
айтты. Сонымен қатар ол қазақ өлкесiн шоқындыруға бағытталған дiни 
миссионерлiк қызметiн де белсендi түрде өрiстете түстi. Олардағы оқу 
мерзiмi екi жыл едi. Оқушылар қа зақ және орыс тiлдерiн, арифметиканы 
оқыды. Кейiнiрек ислам дiнiнiң негiздерiн оқытуға да рұқсат етiлдi. Бiрақ 
бұл ретте жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан тө леу ге 
тиiстi болды. Қазақ балалары оқу-білімге өте құштар болды. 
«Олар қандай 
мақтауға болса да лайықты, білімді тез меңгеріп алады, оқуға қа бі летті 
келеді»
, – деп жазды Ресей зерттеушісі Ф. Собысевич.
6. Шетелдерде білім алған қазақ жастары.
«Алаш» қоз ға лысы қайрат-
керлерiнiң бiрi С. Сәдуақасовтың пiкiрi бойынша, Ақмола об лысының 
Омбы уезi Қазақстанның ең iрi ағартушы аймақтарының 
бiрi болды. Ал Омбы қаласы iс жүзiнде бүкiл Қазақстан 
үшiн ең әйгiлi бiлiм орталықтарының бiрiне айналды. 
1789 
жылы Омбыда
Азия мектебi
ашылды. Ол отар-
шыл аппарат үшiн шенеунiк кадрлар даярлаумен ай-
налысты. ХIХ ғасырдың бас ке зiнде қазақ ақсүйектерi өздерiнiң бала-
ларын Омбыдағы оқу орын дарына жiбере бастады. 1872 жылы Омбыда 
мұғалiмдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет