30
«1716 жылы князь Гагарин өзінің жіберген қателігін түзетіп, жүзбасы
Чередов арқылы қонтайшыға Жәмішев бекінісінің салыну себебін оны өздері
шабуылға айдап салып отырған қырғыздар (қазақтар) тарапынан жасалатын
шабуылдан қорғау үшін деп түсіндірді, содан кейін бояр ұлы Мартемьяниковты
қонтайшыға жіберіп, одан қазына-мүлік пен тұтқындарды қайтарып беруді
талап етті».
Словцов П.А.
Мемлекеттік байлықты молайту туралы// Сібірге тарихи шолу.
СПб., 1886, 225-бет.
1. Патша үкіметі Ертістің оң жағалауына бекініс-қамалдарды не мақсатпен
салды? 2. Патша үкіметі орыс-жоңғар қатынастарында қазақтарға қатысты
қандай бағыт ұстанды?
§9–10.
Бүгінгі сабағымызда Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдап, сыртқы
саясатында Ресей бодандығын қабылдауға итермелеген алғышарттар мен
салдарын анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: