Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет91/196
Дата15.03.2023
өлшемі32,77 Mb.
#172634
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   196
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—17 в 17.53.40

Сыздық сұлтан 
мен оған шын берiлген батыр-
лар жалғастырды. Ханның қазасы үшiн кек алу 
мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына 
бiрнеше рет әскери жорық жасады.
Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-
азаттық көтерiлiсі осылайша жеңiлiс тапты. 
Кенесары ханның жасақтары Ресейдiң жақсы
қаруланған әрi күштi дайындықтан өткен тұрақ-
ты әскерiне қарсы тұра алмады. Оның үстiне, 
Кенесары бiрнеше бағытта – патша үкiметiне, 
қыр ғыз манаптарына және Қоқан хандығына 
қарсы соғыс жүргiздi. Мұның өзi оның негiзгi 
күштерiн едәуiр шашыратты. Сұлтандар мен 
ру басыларының арасында ауызбiрлiк болмады.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерiлiс қа-
зақ халқының патша үкi метiне қарсы жаппай қатысқан 
бұқаралық соғыстарының бiрi болды. Көтерiлiстiң жеңi-
лiске ұшырауы патша үкiметiнiң қырғыз жерлерiн, 
Жетiсу аумағын және Оңтүстiк Қазақстанды басып алу ына жол ашты. 
Сондай-ақ Бұхар, Қоқан және Хиуа хандық та рын қосып алудың алғы-
шарттары жасалды.
Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есiнде талантты әскери қол-
басшы, аса көрнектi мемлекет қайраткерi ретiнде қалды. Хан би лiгi iс 
жүзiнде жойылған жағдайдың өзiнде ол қазақтың 
үш жүзiнiң басын бiрiктiрiп, қазақ мемлекеттiлiгiн 
қайта қалпына келтiрдi.
Көптеген зерттеушiлер Кенесарының Абылай 
зама нын дағы еге мендi мемлекеттiлiктi қалпына 
келтiру үшiн жасаған әрекеттерiн жо ғары бағалады. 
Оған пат ша үкiметi әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi де құр-
метпен қара ды, ресейлiк ғалымдар Кенесарыны 
«бүлiкшiл сұл тан», «Қырғыз (қазақ. – авт.) даласының Митридаты (антика-
лық дәуірдегі патша)» деп атап, оның iс-әре кеттерiне оң баға бердi. 
Кенесары Қасымұлының 
Омбы тарихи-өлкетану 
мұражайындағы қаруы.
А. Н. Озеровтің суретi
Кенесарының 
ерлігіне баға бер.
ойталқы
Неліктен көтеріліс 
жеңіліске ұшырады? 
Өз пікіріңді айт. 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


97
Кенесары Қасымұлының өмiрi мен қызметi болашақ 
ұрпаққа өш пес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр 
перзенттерiнiң бiр неше ұр пағы мен ХХ ғасырдың бас 
кезiндегi ұлт-азаттық қозғалы стың же текшiлерi одан 
үлгi алып өстi. Кенесары Қасымұлының Астана қа -
ласында тамаша ескерткiшi, оның есiмiмен аталатын 
үлкен көше бар. 
Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсiздiк жолындағы кү реске 
жұмылдырды. Кенесары көтерiлiсi табысқа жетпесе де, оның ұлы iстерi 
халық есiнде мәңгi сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет