Орындаған: Битұрсын Айым Қабылдаған: Жанар Шалабаева



Pdf көрінісі
Дата11.04.2023
өлшемі109,2 Kb.
#174241
Байланысты:
ERNRLPMDEYVF08042023123700



БӨЖ 
Орындаған: Битұрсын Айым 
Қабылдаған: Жанар Шалабаева 


Мәнерлеп оқу. 
Мәнерлеп оқу дегеніміз - оқып тұрған шығармаға көзқарасыңды 
интонация арқылы білдіру, оқылған мазмұнды оның 
эмоционалдық ықпалы жағынан бағалау болып табылады. 
Сондықтан мұғалімнің мәнерлеп оқуы – бұл бір жағынан, 
оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу 
әдісі болса, екінші жағынан – балалардың сезімдерін жетілдіру 
мен дамыту әдісі. 
Мәнерлеп оқу мазмұның тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, 
ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын
әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына 
дауыстың анық естілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, 
үннің биіктеуі мен төмендеуі, оқу қарқынының бірде жылдам, 
бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс 
алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын 
болуын талап етеді. 
Оқу кезіндегі меңгерілген дауыс кідірістері балалардың ойын 
әсерлі жеткізуіне көмегі тиетіндігі сөзсіз. Мәнерлеп оқуды дұрыс 
жолға қою жұмысы көркем шығарманың эмоцилық жақтарын 
бере біліп оқумен де тығыз байланысты. Шығарманың 
мазмұнына қарай мәтіннің бір жері қуанышты, шаттық сезіммен 
оқылса, екінші бір жері – жарамсақтық мінез-құлықпен, үшінші 
біреуі ызғарлы, ашулы дауыспен оқылады. Әрине, мұны талап 
етіп тұрған жазушының немесе ақынның сөз қолданысы, 
кейіпкерлердің бойына құйған қуаныш-қайғысы,толғаныс-
тербенісі, қасірет-мұңы болып табылады. Сол үшін көркем сөз 
мәтінін оқыған уақытта автордың және кейіпкерлердің ой-


сезімінің түрлі реңкін сазына келтіріп оқи білуге 
жаттықтырылады. 
Шығарманың әуен-сазы, ырғақ-ұйқасы, барлық интонациялық 
құрылымы дауыстап сөйлегенде ғана көрінеді. Сондықтан 
ырғаққа аса көңіл бөлген жөн. Өйткені ауызша сөйлеуде де, 
мәнерлеп оқуда да ырғақтың орны бөлек. Ырғақ дегеніміз – өлең 
сөз бен қара сөздің сөйлемдерінде дауыс бірде бәсең, бірде 
көтеріңкі келіп отыруы. 
Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін 
жүргізілетін жұмыстар: 
Шығарманы дыбыс таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру
Оқушыларға сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу; 
Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру; 


Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі 
Галиева А.Н Алматы, 2021
Оқу-әдістемелік құрал 
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D3%99%D0%BD%D0%
B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BF_%D0%BE%D2%9B%D
1%83
 
https://ulagat.com/2021/01/20/%D0%BC%D3%99%D0%BD%D0%
B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BF-
%D0%BE%D2%9B%D1%83-
%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B/
 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет