Областной
этап
республиканской
олимпиады
по
химии
2021
Комплект
заданий
II-
тура
для
10
класса
7
20
Нұсқа
Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты,
барий хлориді, мыс (II)
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты,
алюминий сульфаты, калий иодиді,
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып,
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде
матрица ұяшықтарында
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз
№4 сынауығындағы ерітінді көк түсті.
Егер №1 сынауығындағы затқа №2 не №8 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе,
өзгеріс байқалмайды. Егер №1 сынауықтағы затқа №5, №4, №9 не №6
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №1 сынауығына №3
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №1 сынауығына №7 сынауықтағы затты
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №5 сынауықтағы затты №9, №3 не
№8 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №5
сынауықтағы затты №4, №2, №6 жəне №7 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба
пайда болады. Егер №4 сынауықтағы затты №6 не №8
сынауықтарына қосса, өзгеріс
байқалмайды. Егер №4 сынауыққа №9
сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк
тұнба, кейін №9 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті
ерітінді пайда болады. Егер №4 затты №2 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ
тұнба түзіледі. Ал егер №4 сынауығына №3 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №4 сынауығындағы затқа №7
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №9 сынауығындағы
затқа №3, №7 жəне №8 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер
№9 сынауығына №2 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №9 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба
еріп, ерітінді түссізденеді. №9 сынауықтағы зат пен №6
сынауығындағы затты
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №2 сынауығы мен №8 сынауығына арасындағы
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №2 сынауығындағы зат №6 не №7
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №2 сынауығындағы зат №3
сынауығындағы
затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №6
сынауығындағы зат №3 не №8 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс
байқалмайды. Егер №6 сынауығындағы затқа №7 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба
мен газ пайда болады. Егер №3 сынауығындағы затты №7 сынауығындағы затқа қосса,
өзгеріс байқалмайды. Егер №3 сынауықтағы затына №8 сынауықтағы затын қосса,
ерітінді түсі өзгереді. Егер №7 сынауығындағы зат пен №8 сынауығындағы затты өзара
араластырса, газ бөлінеді.