Областной
этап
республиканской
олимпиады
по
химии
2021
Комплект
заданий
II-
тура
для
10
класса
7
17
Нұсқа
Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты, барий хлориді, мыс (II)
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты, алюминий сульфаты, калий иодиді,
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып,
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде матрица ұяшықтарында
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз
№3 сынауығындағы ерітінді көк түсті.
Егер №4 сынауығындағы затқа №8 не №1 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе,
өзгеріс байқалмайды. Егер №4 сынауықтағы затқа №7, №3, №5 не №6
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №4 сынауығына №9
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №4 сынауығына №2 сынауықтағы затты
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №7 сынауықтағы затты №5, №9 не
№1 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №7
сынауықтағы затты №3, №8, №6 жəне №2 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба
пайда болады. Егер №3 сынауықтағы затты №6 не №1 сынауықтарына қосса, өзгеріс
байқалмайды. Егер №3 сынауыққа №5 сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк
тұнба, кейін №5 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті
ерітінді пайда болады. Егер №3 затты №8 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ
тұнба түзіледі. Ал егер №3 сынауығына №9 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №3 сынауығындағы затқа №2
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №5 сынауығындағы
затқа №9, №2 жəне №1 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер
№5 сынауығына №8 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №5 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба
еріп, ерітінді түссізденеді. №5 сынауықтағы зат пен №6 сынауығындағы затты
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №8 сынауығы мен №1 сынауығына арасындағы
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №8 сынауығындағы зат №6 не №2
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №8 сынауығындағы зат №9
сынауығындағы затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №6
сынауығындағы зат №9 не №1 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс
байқалмайды. Егер №6 сынауығындағы затқа №2 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба
мен газ пайда болады. Егер №9 сынауығындағы затты №2 сынауығындағы затқа қосса,
өзгеріс байқалмайды. Егер №9 сынауықтағы затына №1 сынауықтағы затын қосса,
ерітінді түсі өзгереді. Егер №2 сынауығындағы зат пен №1 сынауығындағы затты өзара
араластырса, газ бөлінеді.
|