Областной
этап
республиканской
олимпиады
по
химии
2021
Комплект
заданий
II-
тура
для
10
класса
7
18
Нұсқа
Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты, барий хлориді, мыс (II)
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты, алюминий сульфаты, калий иодиді,
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып,
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде матрица ұяшықтарында
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз
№2 сынауығындағы ерітінді көк түсті.
Егер №9 сынауығындағы затқа №7 не №6 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе,
өзгеріс байқалмайды. Егер №9 сынауықтағы затқа №3, №2, №1 не №4
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №9 сынауығына №8
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №9 сынауығына №5 сынауықтағы затты
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №3 сынауықтағы затты №1, №8 не
№6 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №3
сынауықтағы затты №2, №7, №4 жəне №5 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба
пайда болады. Егер №2 сынауықтағы затты №4 не №6 сынауықтарына қосса, өзгеріс
байқалмайды. Егер №2 сынауыққа №1 сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк
тұнба, кейін №1 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті
ерітінді пайда болады. Егер №2 затты №7 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ
тұнба түзіледі. Ал егер №2 сынауығына №8 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №2 сынауығындағы затқа №5
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №1 сынауығындағы
затқа №8, №5 жəне №6 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер
№1 сынауығына №7 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №1 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба
еріп, ерітінді түссізденеді. №1 сынауықтағы зат пен №4 сынауығындағы затты
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №7 сынауығы мен №6 сынауығына арасындағы
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №7 сынауығындағы зат №4 не №5
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №7 сынауығындағы зат №8
сынауығындағы затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №4
сынауығындағы зат №8 не №6 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс
байқалмайды. Егер №4 сынауығындағы затқа №5 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба
мен газ пайда болады. Егер №8 сынауығындағы затты №5 сынауығындағы затқа қосса,
өзгеріс байқалмайды. Егер №8 сынауықтағы затына №6 сынауықтағы затын қосса,
ерітінді түсі өзгереді. Егер №5 сынауығындағы зат пен №6 сынауығындағы затты өзара
араластырса, газ бөлінеді.
|