272
қабілетінің төмендігі, тез шаршағыштығы, тежелу мен қозу процестерінің
дисгармониялығын дәлелдейді әрі оның салдарынан
жоғарғы акустикалық
талдау мен жинақтауы өзгереді.
2) Дыбыстаудың дауысын жоғарылату нашар еститін баланың қабылдауын
жақсартады
.
Сенсорлы алалиясы бар бала қатты дыбыстарға мән
бермейді, керісінше, қорғаушы тежелудің пайда
болуына себепші болатын
жәй айтылған дыбыстарды жақсы қабылдайды. Баланың бас миы өзін
қорғайтындай болып, жұмыстан босатылады, нашар еститін бала естуді
күшейткіш
аппаратты қолданғанда, жақсы естиді. Сенсорлы алалиясы бар
бала естуді күшейтетін аппаратты қолдана білмейді: құлағының, басының
ауырғанына
шағымданады, дыбыстардың күшейуі оған жағымсыз
тітіркендіргіш ретінде әсер етеді. Сенсорлы алалиясы бар кейбір балалар,
қоршаған адамдар мән бермейтін, ақырын айтылған дыбыстарға (кітап
беттерін
ашқандағы дыбыстар, шүмектен аққан судың дыбысы) ерекше
сезгіштіктерін білдіреді, яғни, олардың есту қабілеттерінің сақталғандығына
көз жеткізуге болады;
3) нашар еститін баланың дауыс дыбысталуы нашар, ол ақырын, баяу
шығады, ал сенсорлы алалияда дауыс қалыпты күшімен
дыбысталуын
сақтайды;
4) нашар еститін баламен қарым-қатынасты (сенсорлы алалиясы бар балаға
қарағанда) тез арада орнатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: