I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет135/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   230
бірінші кезең
ұзындығының, дыбыстық және 
ритмикалық 
бейнесінің 
қарама-қарсылығы 
бойынша 
сөзді 
дифференциациялау (жіктеу). Мысалы, (доп — балапан, көз — велосипед, 
тас — қалақай). Әр сөз жұбына суреттер іріктеліп алынады, ал жеке қағаз 
жолақшасына сөздер анық, түсінікті жазылуы тиіс. Науқас сөздің дыбыстық 
бейнесін суретпен және жазылуымен сәйкестендіреді. Оған біресе бір суретті 
алып, біресе екінші суретті алып, соған сәйкес келетін жазуды, керісінше 
жазуды сәйкес келетін суретті табу ұсынылады. Сонымен қатар, жеке 
сөздерді қабылдауын бекіту сөздерді көшіріп жазу, көшіріп жазу кезінде 
сөздерді қайталап айту және есту арқылы бақылауын дамыту барысында 
басталады. Ол үшін бір-екі буыннан туратын қысқа сөздер алынады. 
Науқастың акустикалық зейінін дамыту, оның оптикалық зейінін 
жандандырудан басталады. 
Екінші кезең
— буындық құрамы жақын, бірақ айтылуы, әсіресе түбірі
ұқсамайтын сөздерді дифференциациялау: бала — қара, балық — қалақ, 
қауын — жүзім. Жұмыс суреттерге, сурет астындағы жазуға, көшіріп жазуға, 
оқуға сүйене отырылып жүргізіледі, өз сөзіне акустикалық бақылау жасауы 
дамытылады.
Үшінші кезең
— буындық құрамы жақын, бірақ сөздің басындағы 
дыбыстарының айтылуы ұқсамайтын сөздерді дифференциациялау (тас — 
бас; түн — күн; бала — қала, ), бірінші дыбысы бірдей, ал соңғы дыбыстар 
ұқсамайды (қас — қар, көз — көл, бал — бақ). Науқасқа суреттерге, сурет 
астындағы жазуға сүйене отырып, белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді 
таңдап алу ұсынылады.
Төртінші кезең 
— айтылуы ұқсас фонемдерді дифференциациялау (доп 
— топ, қас — құс, дос — тос, бас — бос, таға — жаға, түлкі — күлкі, т.б). 
Дыбыстарды біркелкі қабылдауын бекіту үшін тапсырмалардың әр түрлі 
нұсқалары қолданылады: сөзде немесе фразада жетіспейтін әріптерді
мағынасы сурет арқылы емес, фразеологиялық контексте анықталатын 
оппозициялық дыбыстары бар сөздерді жазу. Мысалы, науқасқа мәтінде 


286 
нүкте орнына тиісті сөздерді қой деп тапсырма беріледі: туш, душ сана, 
шана, т.б. 
Бесінші кезең
— мәтіндегі белгілі әріпі бар сөздерді іріктеу арқылы 
дифференциалды акустикалық белгілері бар фонемаларды бекіту.
Фонематикалық қабылдауын қалпына келтіру екі айдан 1-1,5 жылға дейін 
созылады. Өйткені, көп жағдайда сөздің мағынасын түсіну тек контексте ғана 
мүмкін болады және өз бетімен ойын жазу арқылы жеткізуде ұқсас 
фонемаларды ажырату әлі де ұзақ уақыт қиынға түседі.
Сонымен қатар әр түрлі фразеологиялық контекстер арқылы сөздерді 
мағыналық сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізіледі: суретте үшкір 
заттарды таңдап көрсету; ағаштан, темірден немесе шыныдан жасалған 
заттарды көрсету; ыдысқа, еңбек құралдарына, аяқ киімге, көлікке жататын 
заттарды көрсету, т.б. Бұндай сөздің мағыналық байланысын жаңғыртуға 
бағытталған жұмыс қатынас кезінде сөздерді таңдауын жеңілдетіп, вербальді 
парафазиялардың санын төмендетеді. 
Самай бөліктерінің екі жақты зақымдалуының салдарынан болған 
акустикалық агнозия мен акустикалық-гностикалық афазияның үйлескен 
кезінде сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуде қиыншылықтар ең көп кездеседі. 
Сөйлеу тілін қалпына келтіру сақтаулы ішінен оқу, ерінге қарап оқу және 
естіп қабылдауының қалдық мүмкіндіктеріне сүйене отырып жүргізіледі. Бұл 
оқып, көру арқылы қабылдаған фонеманың артикуляциялық позициясын 
салыстыруға, есту арқылы қабылдаған дыбыс сигналдарына еліктеп 
қайталауына мүмкіндік береді.
Вербальді парафазиялардан арылту заттың әр түрлі белгілерінің және 
әрекеттерінің ұқсастығы және айырмашылығы, қызметі, категориялық 
белгілері бойынша талдау арқылы жүзеге асады. Науқасқа тастап кеткен 
етістікті және зат есімді сөздерді толтыру, етістікке зат есім мен үстеуді, зат 
есімге етістік пен сын есімді сөздерді іріктеу, т.б. ұсынылады. Кейбір 
жағдайда науқасты сөйлеген кезде түзетуге болмайды, өйткені оның жанын 
жаралап, қарым-қатынасты бұзып алуға болады.
Логопед өзінің күнделігіне вербальді парафазияларды жазып отырады, 
оларды талдау негізінде осы кемістікті жоюға бағытталған жаттығулар 
іріктеп алады. Көпсөздліктен және аграмматизмдерден арылту үшін науқасқа 
сөйлемнің схемасы, үш-бес сөзден тұратын сөйлемдердің үлгісі ұсынылады.
Афазия кезінде экспрессивті сөйлеу тілін қалпына келтірудің тиімді 
тәсілдерінің бірі - жазбаша сөйлеу тілін қолдану болып табылады. Науқасқа 
берілген қарапайым сюжетті сурет бойынша фразалар және мәтін жазу 
ұсынылады. Мұндай тапсырмалар науқасқа керекті сөзді тауып, айтатын 
сөзін өңдеуге мүмкіндік береді. Зат есім, етістік және есімдіктердің 
қиысуындағы қателерді жою мәтінде тастап кеткен флексияларды қою 
арқылы жүзеге асады.
Оқу, жазуын қалпына келтіру, фонематикалық есту қабілетін қалпына 
келтіру жұмысымен қатар жүреді. Жазуын қалпына келтіруден бұрын, 
жұмыс сөздің дыбыстық-буындық құрамын талдауына негізделген оқуын 
қалпына келтіруге бағытталады. Сөзді дауыстап айтуға тырысу, сөздегі 


287 
дыбыстардың алмасуына байланысты сөздің мағынасы өзгеретінін түсіну, 
аналитикалық оқуын, кейін жазуын қалпына келтірудің негізін қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет