I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет189/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   230
17-бөлім 
 
 Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың сөйлеу тіл 
ерекшеліктері 
 
ПДТ – психикалық даму қарқынының қалыпты дамуының бұзылысы
оның салдарынан мектеп жасына келген бала мектепке дейінгі жастағы 
шеңберде, ойынға қызығушылықта қалуын айтады. Психикалық дамудың 
тежелуінің клиникалық алуандылығы және болжамының біркелкі еместігі 
байқалады. ПДТ балалардың көбіне сөйлеу тілінің ерекшеліктері тән. Сөйлеу 
тілі бұзылыстары барлық компоненттерде (дыбыс жағы, лексикалық, сөйлеу 
тілінің грамматикалық жағы) кездеседі. Е. В. Мальцеваның деректері 
бойынша тіл дыбыстарын айту кемістіктері ПДТ төменгі сынып 
оқушыларының 30 % байқалады, ол сөйлеу тілі бұзылыстары бар ПДТ 
балалардың 76% құрайды. Артикуляциясы бойынша күрделі дыбыстар жиі 
бұзылады: ысқырық, ызың, сонор (р,л).
Дыбыс айту бұзылыстарының ішінде дыбыстарды алмастыру ерекше 
орынға ие. Өте таралғаны ысқырық және ызың дыбыстарды алмастыру. Бір 
дыбысты басқамен алмастыру тұрақтылығы байқалады, оның себебі 


386 
дыбысты есту образы нақты емес, сөйлеу, есту, талдау және жинақтаудың
толық қалыптаспауы.
Психикалық дамудың тежелуінде сөйлеу тілі бұзылыстарының 
таралған сипаты «спецификалық ассимиляция»: бала артикуляциясы және 
дыбысталуы бойынша жуық дыбыстардан қүралған сөзді дұрыс айта 
алмайды. Балалар дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады, сөзді қабылдауы 
және ритмін қайталауы бұзылған. Дыбыстық талдау мен жинақтау 
бұзылыстары тұрақты болады. Сөздегі дыбыстардың кезектілігін, санын 
белгілеу, сөздегі дыбыстардың орнын сәйкестендіруде балалар қиындықтарға 
кездеседі.
ПДТ балалардың сөйлеу моторикасы жеткіліксіз, әсіресе тілдің 
қимылдарында анық көрінеді. Тіл қимылдары нақты емес, балалар берілген 
қалыпта тілді ұстап тұруда, бір артикуляциялық қалыпта екіншіге ауысуда 
қиналады. ПДТ балалардың сөздігінің негізгі сипаты, ол оның шектеулігі 
және нақты еместігі. Сөздігінде көбінесе зат есім, етістіктер бар. Сын 
есімдерді меңгеруі қиын. Заттарды сипаттағанда ПДТ балалар орта есеппен 
екі-үш сын есімді қолданады (Е. С. Слепович). Жиі қолданатындары түс, 
пішін, мөлшерді білдіретін сын есімдер, ал сирек қолданатындары баға беру 
сипатындағы сын есімдер.
Нақты мағынадағы сөздер мен жалпылама сөздер арасындағы 
байланыстың шектеулілігі білінеді. Сөйлеу тілінің лексикалық жағының 
ерекшеліктері тілдің антонимдік және синонимдік құралдарының жеткіліксіз 
қалыптасуында, белсенді сөздіктен енжар сөздігінің аздығы байқалады. Сөз 
қорын белсенділеу қиындатылған. ПДТ балалардың сөйлеу тілінің 
грамматикалық құрылымы да жетілмеген. Балалар септік формаларды 
шатастырады, оны қолданғанда қателер жібереді, сөйлеу тілінде типтік 
грамматикалық формалар қолданады.
Сөйлеу тілінде сөйлемдердің жай конструкциялары көбірек. Жайылма 
сөйлемдерді қолданғанда балалар сөздердің орнын бұзып, оған стреотипті
орынсыз сөз тіркестерін қосады. ПДТ балаларда байланыстырып сөйлеуінің 
логикалық құрылымы бұзылған. Екіншілік бөліктерде тоқталып, маңызды 
логикалық бөлікті тастап кету, жағдайлардың кезектілігін айту бұзылыстары, 
бір тақырыптан екіншіге ауысу байқалады. ПДТ балалардың жазуында 
спецификалық қателер байқалады. Пайда болу себептерін ескеріп оларды 
топтарға бөлуге болады. Олар дыбыс айту және фонематикалық
қабылдаудың қалыптасыпауынан болған қателер; дыбыстық талдаудың 
дамымауымен байланысты; сөйлеу тілінің лексика – грамматикалық 
жағының жеткіліксіз дамуымен байланысты; кеңістіктік түсініктерінің 
жетілмеуі; қолдың моторлық икемсіздігімен байланысты қателер, т.б. ПДТ 
балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері бір қалыпты емес: бір 
балада фонетикалық-фонематикалық бұзылыстар, екіншілерінде лексикалық-
грамматикалық бұзылыстар болады.
 
Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалармен логопедиялық жұмысты 
ұйымдастыру 


387 
 
Психикалық дамуы тежелген балалармен логопедиялық жұмысты 
олардың психикалық ерекшеліктері (танымдық іс-әрекеті мен ерік-сезім 
аясы) және сөйлеу тілінің дамуының бұзылыстарына тән белгілері 
(сөйлеудің іс-әрекетті реттеуінің жеткіліксіздігі, іс-әрекетті вербализациялау 
қиындығы, сөйлеудің жоспарлау функциясының қалыптаспауы В. И. 
Лубовский, Г. И. Жаренкова) ескеріледі. 
ПДТ балалармен түзету-логопедиялық жұмыс кешенді, сонымен қатар 
ажырата ықпал ету сипатта жүргізіледі. Ажырата логопедиялық ықпал етуде 
баланың клиникалық сипаттамасы, жеке психикалық ерекшеліктері, жұмыс 
істеу қабілеті, сөйлеу тілінің бұзылу механизмі және деңгейі ескеріледі. 
Түзету жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 
-
талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау ойлау операцияларын дамыту; 
-
көріп қабылдауын, талдауын, көріп жадында сақтауын дамыту; 
-
кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру; 
-
естіп қабылдауын, зейінін, естіп жадында сақтауын дамыту; 
-
қолдың ұсақ және артикуляциялық моторикасының бұзылуын түзету; 
-
дыбыс айтуының бұзылуын, сөздің дыбыстық-буындық құрамының 
бұзылуын түзету; 
-
сөз қорын дамыту (сөз қорын молайту, сөздің мағынасын анықтау, 
лексикалық жүйені қалыптастыру, сөздердің арасындағы байланысты 
бекіту): 
-
тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесін қалыптастыру; 
-
фонематикалық талдауды, жинақтауды, түсініктерін дамыту; 
-
сөйлем құрылымын талдауды қалыптастыру; 
-
сөйлеудің коммуникативтік, танымдық және реттеуші функциясын 
дамыту. 
Түзету жұмыс барысында әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет