I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет56/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   230
Ересектердің дизартриясының негізгі клиникалық түрлері 
 
Сопақша ми дизартриясы (бульбарлы)
.
 
Дизартрияның бұл түрі сопақша ми 
мен нерв жүйесінің ядроларының зақымдалуының салдарынан болатын әлсіз, 
солған параличтің байқалуымен сипатталады. 
Бульбарлы дизартрияның басқа түрінен айырмашылығы - нақты бір жүйке 
функциясының (VII, IX, X, XII) бұзылуына байланысты жеке бұлшық 
еттерінің зақымдалуы мүмкін. 
Параличтің солғын қимыл-қозғалыстардың бұзылу симптомдары 
жүйке ядролардың, шеткі ІХ (тіл-жұтқыншақ), Х (ауасу, қозу), ХІІ (тіласты) 
жүйкелердің зақымдалу негізінде кездеседі. Бұл жүйкелердің қимыл 
талшықтары жұтқыншақ, көмей, тіл, жұмсақ таңдай, тіл бұлшық еттерін 
иннервациялайды. Ал бұлшық еттер артикуляцияны, дауыс шығаруды және 
жұту актісін қамтамасыз етеді. 
Бульбарлы параличте артикуляциялық, дауыс шығару және дем алу 
мүшелерінің шеткі бөлігінің бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, гипотония 
немесе атония байқалады. Бұлшық еттердің көншілігі кішірейеді, әлсізденеді, 
сондықтан қоздырғыштарға реакция болмайды, яғни арефлексия байқалады. 
Бұл ауытқулардың барлығы бұлшық еттердің атрофиясына әкеліп соғады. 
Бульбарлы дизартрияда ерікті және еріксіз қимылдар бұзылады. 
Дауыссыз дыбыстардың бұзылуы тілдің әр бөлгінің бұлшық еттерінің 
параличтеріне байланысты. Мысалы, тілдің түбірінде паралич байқалса, онда 
көбінесе тіларты дыбыстары бұзылады. Ал, дауысты дыбыстар көп жағдайда 
«а», «о» дыбысына ұқсас айтылады. Сонымен, бульбарлы дизартрияның 
сипаттамасы: 
1.
сопақша мидағы моторлық нейрондардың зақымдалуына байланысты
бульбарлы дизартрияда сөйлеу мүшелернің бұлшық еттерінің тонусы 
төмендейді; 
2.
сөйлеу тілінің фонологиялық жүйеснің моторлық жағының бұзылуы,
дыбыстарды ана тіліне тән емес дыбыстармен алмастырады; 
3.
ауырғанға дейін сөйлеу тілі қалыптасқан адамдардың, дыбыс айту
жүйесінің моторлы жағының бұзылуы төмендегідей зақымдармен 
сипатталады: 
-
дауыс қатпарларының парезінде дауыссыз, дауысты дыбыстар күңгірт 
естіледі, қатаң-үяң, жуан-жіңішке белгілері анық байқалады; 
-
жұмсақ таңдайдың парезінде, таңдай шымылдығы салбырап, ауыз
қуысына түсіп тұрады да, дыбыстар мұрынмен айтылады (нозализация 
байқалады); 
-
еріннің, тілдің бұлшық еттерінің парезінде дыбыстардың жасалу
орнына байланысты алмастыру байқалады; 
-
тілдің, еріннің, астыңғы жақтың парезінде дауысты дыбыстардың
негізгі белгілері (жоғарылығы, қатары, еріннің дөңгеленуі) бойынша 
айырмашылықтар байқалады. 


116 
Жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы дизартрия) 
Жалған сопақша ми дизартриясы артикуляциялық аппараттың шеткі бұлшық 
еттерінің спастикалық параличімен сипатталады. 
Қимылдың мөлшері қысқарған, баяу болып келеді. Бұлшық еттердің 
гипертонусымен қатар гиперрефлексия байқалады. Қалыпты жағдайда ерте 
жаста жойылып кететін шарттсыз рефлекстер: ему, тұмсық рефлексі, еріксіз
күлу, жымию, жылау көпке шейін сақталады. Дизартрияның бұл түрінде 
ерікті қимылдар бұзылады, еріксіз қимылдар сақталған болады. 
Дизартриямен зақымдалған адам нұсқау бойынша ернін алға қарай 
шығарып, дөңгелете алмайды, ал тамақ ішкен кезде ол қимылдарды жасай 
алады. Ауыз қуысын тексеру барысында тілдің қатайғанын, тіл артқа қарай 
тартылғанын, тілдің енжар, белсенді қимылдарының қиындығын көруге 
болады. Әсіресе тілді жоғары көтеріп мұрынға қарай бұруы қиынға соғады 
және жалған сопақша ми дизартриясына тән синкинезиялар байқалады. 
Тілдің және басқада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің қимылының 
көлемі мен кысқарудың күшінің азайуы барлық дыбыстың артикуляциясын 
өзгертеді. Мысалы, «р» дыбысын айтуда тілдің ұшының дірілі 
жеткіліксіздігінен, «л» дыбысын айтуда - тілдің ұшын бүге алмаудың 
салдарынан осы дыбыстар анық айтылмайды. «Ш», «Ж» дыбыстары жұмсақ 
айтылады, «п», «б», «к» дыбыстары жиі алмасады (д=т, ч=щ, т.б.). Дауысты 
дыбыстың артикуляциясы артқа қарай жылжиды. 
Жалған сопақша ми дизартрияның сөзсіз сиптоматикасына жұту 
функциясының бұзылуына байланысты саливация (сілекей ағу) қосылады. 
Мимикасы кедей, сөйлеу жылдамдығы баяу, сөйлеу кезіндегі дем шығару 
қысқа болады, сондықтан фразаның «үзілуі» байқалады.
Қорытынды.
 
1.
Жалған сопақша ми дизартриясы орталық спастикалық параличтің бір
белгісі және сөйлеу кезіндегі қимылдың бұзылуы болып саналады. 
2.
Ерікті қимыл бұзылады, еріксіз (рефлекторлы) қимыл сақталған 
болады. 
3.
Тіл жүйесінде спастикалық паралич кезінде артикуляциясы күрделі
дыбыстар бұзылады. 
4.
Барлық дыбыстар (дауысты дыбыстар да) мұрыннан айтылады. Дауыс
қырылдап шығады, тез шаршап қалады. 
5.
Сөйлеу жылдамдығы баяу, сөз түсініксіз, фразалардың қысқа 
интонациясы, әуезділігі нашар болады. 
Мишық дизартриясы 
 
Мишық дизартрия жеке таза түрінде өте сирек кездеседі. Миға қан 
күйылу, ісіктің салдарынан мишықтың немесе мишықты орталық нерв 
жүйесімен қосатын жолдардың зақымдалуынан пайда болады. 
Неврологиялық статусы:
тілдің, еріннің бұлшық еттерінің тонусы төмен, 
тіл жіңішке, қимылы шектелген, артикуляциялық қалыпты ұстай алмайды, 
бағытты, мақсатты ұсақ қимылдар жасау барысында тілдің треморы (дірілі) 


117 
байқалады. Жұмсақ таңдай салбыраңқы. Бет әлпетінде мимика болмайды. 
Қимыдың координациясы бұзылған болып келеді.
Сөйлеу статусы:
сөйлеу тілі түсініксіз, баяу, фразаның аяғында кейбір 
дыбыстарды қатты дауыстап айтады немесе мүлдем дауысы шықпай, сөздің 
арты естілмей өшіп қалады. Сөйлеу ырғақтылығы бұзылған, дыбыстарды 
мұрыннан айтады, дауысы әлсіз. 
Мишығы зақымдалған адамдарда тыныштық, қимылсыз күйде де, қимыл 
кезінде де бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. Аяқ-қолдарын 
сәйкестендіруде қиындықтар байқалады. Психикасында кейбір ерекшеліктер 
кездеседі (орынсыз күлу, сөйлеп қою, т.б.). 
Қорытынды. 
1.
Мишықтың және оның жолдарының зақымдануында бұлшық еттердің
тонусының төмендеуі, қимылдың диссиметриясы байқалады. 
2.
Просодикалық ерекшеліктері: дауыс күшінің тұрақсыздығы, оның өшіп
қалуы, тоқтап, іркіліп қалуы, мәнерлеп сөйлеуі байқалады. 
3.
Сөз аяғында буынды немесе дыбысты айтпауы сөйлеу тілін түсініксіз
етеді. 
4.
Дем алуға қатысты бұлшық еттердің треморы тыныс алуына, дауыстың
дірілдеп шығуына әсер етеді. 
5.
Сөйлеу кезінде дене кейпінің қатайуы бетінің қызаруын немесе
сұрлануын тудырады. 
Ми қыртысы асты немесе «экстрапирамидалық» дизартрия 
 
Ми қыртысы асты дизартрия бас миының ми қыртысы астындағы 
түйіншіктердің зақымдалу салдарынан болады.
Неврологиялық статусы:
бұлшық ет тонусының тұрақсыздығы 
(дистония), бет және артикуляцияның бұлшық еттерінде еріксіз қимылдар 
(гиперкинез) байқалады. Кейде гиперкинездің салдарынан ауыз еріксіз 
ашылып, тілі алға бірден шығып, ауыру адам біршама осы қалыпта тұрып 
қалады. 
 
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипаттамасы.
Сөйлеу кезінде тоқтап қалу,
сөйлеу жылдамдығының бұзылуы (бір буынды тез айтады, басқа буындарды 
баяу немесе мүлдем айтпайды) жеке дыбыстарды, буынды, сөзді қайталап 
айту 
(персеверация) 
байқалады. 
Сөйлеу 
тілінің 
әуезділігнің 
(просодикасының) бұзылуы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың бұзылуымен 
бірге байқалады. 
Дайыс күнгірт, әлсіз, тембрі көмескі болып келеді. Бұлшық еттердің 
ауыспалы тонусы мен гиперкинездердің салдарынан сөйлеу тілінің 
фонетикалық жағы мен просодикасының әр түрлі және тұрақсыз 
бұзылыстары байқалады. 
Қорытынды.
1.
Дизартрияның экстропирамидалық түрі мидың ми қыртысы асты


118 
аумағының зақымдалуының салдарынан пайда болады. 
2.
Гиперкинездер мен сөйлеу мүшесінің бұлшық етінің ауыспалы тонусы 
сөйлеу тілін дөрекі бұзады. 
3.
Фонетикалық бұзылыстардың бірқалыпты, тұрақты бұзылуы
байқалмайды. 
4.
Ауызша сөйлеу процесінде тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық
мускулатураларының қысқару уақытының арасында байланыстылық 
бұзылады. 
5.
Дауыс пайда болу қиыншылығы - дауысты ерікті қосу мен сөйлеу
кезінде тез шаршап қалуымен сипатталады. 
6.
Сөйлеу тілінің жатықтығы мен интонациялық-әуезділік құрылымының
бұзылуы. 
Ми қыртысы дизартриясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет