I теоретические основы логопедии


Дайындық кезеңінде дыбыстармен жұмыстың кезектілігі



Pdf көрінісі
бет84/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   230
Дайындық кезеңінде дыбыстармен жұмыстың кезектілігі. 
Дауысты дыбыстар:
дауыссыз дыбыстардың артикулемалары мынадый 
кезектілікте қалыптастырылады: а, ә, э, о, ы, і, ү, ұ, у, и, я, е, е, ю. (бұл 
кезектілікті аяқтайтын жартылай дауысты: й дыбысы). Я, е, е, ю дыбыстары и 
және сәйкес дауысты дыбыстар (а, э, о, у) қосындысынан қалыптастырылады. 
И дыбысы тыныс шығарудың бағытын дифтонгтың 1-ші және 2-ші бөлімінде 
байқауға мүмкіндік туғызады. Дыбыстардың артикуляцияларын жазу үшін
артикулемалардын ерекшеліктерін белгілейтін дыбыстардың суреттерін
ұсынамыз: (а, э ,о, у, и ) дыбыстары. Бұл суреттер еріндердің созылу бағытын 
көрсетіп, ерін бұлшық еттеріндегі қатаюды көбінесе жоғарғы ерінге түсетінін 
көрсетеді. Ы дыбысын айтқанда – қатаю мұрын қанаттарында; И дыбысында 
–ауыз ұрттары симметриялық түрде көлденен созылады. Ауыз арқылы тыныс 
шығару ұзақтығы сызбада – ұзақ сызықпен көрсетіледі, ал қысқалығы – 
нүктемен (й- дыбысында). Дауыссыз J-тың дауыстылармен кезектелуін беріп 
отырмыз. 
Дауыссыз дыбыстар.
 
Дауысты дыбыстардың артикулемаларымен 
танысқан соң дауыссыз қатаң дыбыстардың артикулемалары арқылы ауыз 
арқылы тыныс шығаруды дамытуға арналған жаттығулар басталады. 
Дауысты дыбыстар артикулемаларымен жұмыс оларды сыбырлап айтқызу 
бойынша жалғастырылады.
 
Мұндай кезектілікте ауыз арқылы тынысты еркін 
шығару дағдысы бекітіледі және дыбыс айту мүшелерін белсенділеу кезінде, 
есту арқылы қадағалау жасамай-ақ машықтандырылады. Баланың бар назары 
үнемі артикулеманың сапасы мен ауыз арқылы тыныс шығарудың 
бағыттылығына аударылады. Дыбысталуға назар аударылмайды. Қатаң 
дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық
қалпын баланы логопедтің артикуляциясына көру арқылы, ауызша 
сипаттауына еліктетіп (еріндердің қалпы, тілдің қалпы, ауыздың ашылу 
деңгейі сипатталады) жасауға болады. Бала дыбыстың айтылуын естімеуі 
керек. Қалыптастырылған қатаң дауыссыз дыбыстардың артикулемалары №2 
кестеде белгіленеді.
 


177 
№2 кесте 
Тыныс алу 
Дауыссыз тыныс шығару 
Ауыздың суреті 
Артикулемалардың суреттері: 
1)
дауысты дыбыстар:
а,ә,э,о,ө,ы,ү,ұ,у,й,я,е,е,ю; 
2) 
қатаң 
дауыссыз 
дыбыстар: 
ф,с,ш,щ,х 
Жұмыстың дайындық кезеңінде фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар 
мынадай 
кезектілікпен 
қалыптастырылады: 
ф,с,ш,щ,х. 
Дауыссыз 
дыбыстарды қалыптастыру: ф-дыбысынан басталады. Себебі, артикуляциясы 
өте қолжетерлік. Бұл артикуляциялық қалыпты бала көре алады, логопед 
тексере алады.Бұл дыбыстың ұзақ айтылуы, әдейілеп созу мүмкіндігі 
баланың назарын ауыз арқылы тыныс шығаруға аударып, қадағалауға 
мүмкіндік береді. Үзілмелі дыбыстар тобы бұл жағынан күрделі болып келеді 
(бұл дыбыстар қысқа); сондықтан олармен жұмыс кейінірек жүргізіледі. 
 
Дайындық кезеңіндегі логопедиялық сабақтардағы материалдардың мөлшері 
 
Әр сабақта балаға ұсынылатын жаттығулар саны әр түрлі болады. Сондай-ақ, 
алғашқы сабақта ауыз арқылы тыныс шығаруға жаттықтырумен шектелуге 
болады, 
кейде 
дауысты 
дыбыстардың 
бірнеше 
артикулемаларын 
қалыптастыруға көшуге болады. Ересек балаларға көбірек жаттығулар беруге 
болады, бірақ бір сабақта жаттығулардың барлық түрлерін жасатып асықпау 
керек. Жоғарыда көрсетілген артикулемалармен жұмыс кезектілігін міндетті 
түрде сақтану керек. Басында анық, толық 
жасалмай жатқан 
артикулемаларды тиянақты түрде жасатуға тоқталмаған жөн. Сөйлеу
ағымында әрбір дыбыс алдындағы немесе келесі дыбысқа байланысты өзінің 
артикуляциясын 
өзгертеді, 
сондықтан 
жұмыс 
жасалып 
отырған 
артикулемалар сөйлеу тілін жаттықтырғанда анық сипатқа ие болады. 
Әрбір сабақ бұрын өткенді міндетті түрде қайталаудан басталады. 
Алғашқы сабақтарда әр типті жаттығуларды көп мәрте қайталау қажет; 
кейінгі сабақтарда үстіртін қайталаумен шектелуге болады. 
Сабақтар хаттамаларының көшірмелері бойынша дауысты және қатаң 
дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмысты 
қарастырайық.. №1кесте бойынша баламен бірге дем алып, дем шығарудың 
барлық түрлерін үйренген соң, ауыз арқылы тыныс шығару дағдысын 
бекітуге, бір уақытта дауысты дыбыстардың артикулемаларын жасауға 
кірісеміз. Логопедиялық сабақтардың барасын бақылап көрейік: 
Логопед: «Сен ауызбен дем шығаруды және тілдің ұшын астыңғы тістер 
түбіне тіреуді жақсы меңгердің. Енді, біз дем шығару кезінде ауызды «әр 
түрлі» ашып үйренеміз. Аузыңмен дем алып кең ашылған ауызбен дем 
шығар, тіл жалпақ, астыңғы тістерге жақын жатыр. Тіл ешбір қимылсыз 
«ұйықтап» жатыр. (ауыз арқылы дем шығаруды мақта арқылы тексереміз. 
Дем шығару кезінде еріндердің және тілдің мұндай қалпында дем шығару –


178 
а-
дыбысы сыбырлаған тәрізді шығады. Егер артикулема анықсыз болса, оны 
түзетіп, қайталаумен бекіту қажет). 
-
Жақсы. Ал, енді мен саған ауыз арқылы тағы қалай дем алуға 
болатынын көрсетемін ( 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет