ықпал ету аясы кеңейіп, халықтың діни ҽсерді қабылдау деңгейі ҿсуде, діни ұйымдардың
ҽлеуметтік қызметі күшейіп,
1992 жылы 15 қаңтарда,
яғни тҽуелсіздік алғаннан соң екі
айдан кейін қабылданған «Діни сенім бостандығы жҽне діни бірлестіктер туралы», ең бір
либералды (ымырашыл, бос) заң болып табылады. Кҿпконфессионалды қазақстан
қоғамында дін мен халықтың діндарлық деңгейін дамытуға қолайлы жағдай жасалды.
Сҽйкесінше шетел миссионерлері, түрлі конфессия мен діни ағымдардың ҿкілдері осы
жағдайды ҿздеріне оңтайлы қолдана білді. Қызметі күмҽн тудыратын, адамдардың ҿмірі
мен денсаулығына қауіп тҿндіретін, жалпы қоғам бүтіндігін бұзатын деструктивті
ағымдардың елімізге енуіне толық мүмкіндік жасап бердік.
Қазақстанда бірнеше рет діни экстремизмнің ауыр нысандары кҿрініс тауып, сҽйкесінше
экстремистік топтар мен ағымдар тікелей мемлекетке қауіп тҿндіре бастады. Осыған
байланысты мемлекет пен қоғамға осындай ақиқатты қабылдауға жҽне шұғыл түрде тиісті
жауап қайтаруға тура келеді. Жҽне бұл ситуативті жауап беру емес, жағдайды бүтіндей
жаңа стратегиялық бағыт ретінде қарастырып, привентивті шаралар қабылдануы керек.
Қазақстандағы
мемлекеттік-конфессионалдық
қатынастар
үлгісі
мемлекеттің
конфессияларға қатысты бейтараптылық танытуына негізделген, барлық діндер тең
құқықтар мен мүмкіндіктерге ие, түрлі сенімдегі адамдар арасында ҿзара сыйластық
қатынастар орнатылған. Осы қағидаларды қалтықсыз ұстану нҽтижесінде мемлекеттің
тҽуелсіздігін алудағы тарихи ҿтпелі кезеңде қазақстандық қоғамның бүтіндігі сақтала
білді.
Қазақстанның дін саласындағы саясаты – конфессияаралық келісімнің, діни ахуалдың
тұрақтылығының кепілі. Ел аумағындағы барлық діндердің теңдігін қамтамасыз ету үшін
ҽділеттілік қағидаты мен дінаралық татулық санасын қалыптастыру мҽселесі мемлекет
үшін де, қоғам үшін де ҿте маңызды. Сондықтан мемлекеттің дін саласындағы саясаты
елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тек дҽстүрлі діндердің ғана емес, барлық
діндердің арасында ҿзара келісімге негізделген қарым-қатынастардың сақталуын басты
мақсат деп біледі.
Достарыңызбен бөлісу: