МҮМКІНДІК
84
Егер де құлым: «Ийәкә нәғбуду уә ийәкә нәстәғийн», –
десе Алла Тағала: «Бұл Мен және құлымның арасындағы
нәрсе әрі құлыма сұрағаны тиесілі, Мен оған сұрағанын
беремін», – дейді.
Егер
құл:
«Иһдинас
сыратал
мустәқийм.
Сыраталләзинә әнғамта ғаләйһим ғойрил мағдууби
ғаләйһим уәләд-дооллийн», – десе Алла: «Бұл құлымдікі
әрі құлыма сұрағаны тиесілі», – дейді», — деген.
Осыдан кейін ғалымдар кім Фәтиха сүресін түсініп,
оған
амал жасаса, ол адамға Құдай дүниеде де,
ақыретте де тілегенін береді деген. Өйткені Алла: «Бұл
– құлымдікі әрі құлыма сұрағаны тиесілі», — деген.
Рукуғ пен сәждеге барғанда асықпай, байыппен
орындауға тырыс. Ондағы айтылатын тәсбихтарды
асықпай, мағынасын түсініп айт. Құлдың Алла Тағалаға
ең жақын болатын сәті сәждеде екенін есіңнен шығарма.
Намаздың
әрбір қимылын асықпай, байыппен жаса.
Себебі бұл белгілі бір мөлшерде намазыңды хушуғпен
оқуға көмектеседі.
Егер намазыңды атүсті, апыл-ғұпыл мағынасы мен
мәніне бармастан оқитын болсаң, өзіңнің сауабыңды
өзің тонап жатқан ұрыдан еш айырмашылығың
қалмайды. Өзіңе- өзің зиян тигізгеннен
басқа ештеңе
емес.
Олай болса, өз өміріңнің астаң-кестеңін шығарып,
тонап кететін мародеры болудан сақ бол!
iqup
85
Сырласу
Е
гер досыңа хабарласқанда автоответчик дауысты
хабарлама қалдыруды сұраса, оған дауысты
хабарлама қалдырасың. Оны жазып жатқандағы сезімің
жүзбе- жүз сөйлескендей болмайтыны белгілі.
Солай
емес пе? Сол секілді егер намаздағы сезііңді өзгерткің
келсе, намаздағы зікірлерді дауысты хабарлама
жазғандай оқыма, керісінше, оны Кім естіп тұрғанын,
оған Кімнің жауап қайтаратынын сезініп оқы.
Қиямет күні патшалардың
Патшасымен бір рет
болсын тілдесуді қалайсың. Олай болса, Алла Тағаланың
ол күн туралы былай дегенін есіңде сақта:
«Сонда Рахман Алла (сөйлеуге) рұқсат еткен жаннан
басқа ешкім жақ ашып, тіл қата алмайды. Сөйлейтін
жан да тек қана орынды сөз айтады». [78:38]
«Дауыс атаулының бәрі Рахманның айбатынан
қорыққаннан қарлығып өшеді де сыбырдан басқа еш
нәрсе ести алмайсың». [20:108]
Адам бұл дүниеде Жаратушымен тілдесуін
жақсартпаса, Алла Тағала ақыретте оны тыңдамайды.
МҮМКІНДІК
86
Ғалымдарымыздан қалған сөз:
«Егер намаз оқысаң, құлшылық
қылып
жатқан Құдайыңа
лайықты түрде оқы немесе намазыңа
лайықты басқа құдайды ізде».
iqup