О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет20/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

Ол – даналық Иесі!
А
лла - даналық пен хикмет Иесі. Қандай дұға қылсаң 
да сен үшін жақсысын таңдап береді. Жақсы деп 
ойлаған нәрсенің артында не тұрғанын біле алмайсың. 
Алайда Алла оның сен үшін қайырсыз екенін біледі. Сол 
үшін де дұғаң қабыл болмай, сауабы жинала береді. Көп 
адамдар «дұғаларым қабыл болмады» деп дау қылып,
«Алла мені жақсы көрмейді» немесе «күнәләрім себепті 
дұғам қабыл болмады» деп уайымға салынып жатады. 
Бұл нәрсе адамды үмітсіздікке, өзгеден көмек сұрауға 
алып барады. Есіңде болсын, дұғаңның қабыл болмау 
себебі – Алла тұрғанда басқадан сұрауың немесе 
тілегеніңді беретін Алланың құдіретіне нақ сенбеуің. 
Себебі Алла Тағала былай дейді: 
«Мен серікке мұқтаж емеспін, кімде кім жақсы амал 
жасай отырып өзгені серік етсе, оны мен серігімен 
қалдырамын». Бәрін естуші Алла туралы «мені естімейді» 
немесе «дұғамды қабыл етпейді» деп ойлаудан сақ 
бол. Өйткені сен Даналық Иесі әрі барлығына құдіретті 
Раббыңмен үнемі байланыстасың! Қалағаныңды сұра, 
ол саған хайырлысын береді. Уайымың мазаңды кетіріп 
ұйқың қашқанда намазға тұр да барлық нәрсенің 


МҮМКІНДІК
70
Билеушісінің есігін қақ. Егер сұрағаның болмай жатса 
бесін намазында оны Жеңілдетушіге жібер. Егер 
мәселеңнің шешімі әлі де табылмаған болса, оны екінті 
намазында Бәрін Білушіге тағы тапсыр. Осылайша 
жалғастыра бер.
Мазаңды қашырған дүниелерді намазда тұрған 
кезіңде сұра. Егер күнәға батып Алланың кешірімінен 
үмітіңді үзсең, Алладан кешірім тіле де, дауыстап 
мынаны бірнеше рет қайтала: «Алла Тағала тәубе 
етушілерді жақсы көреді!»
Шайтанға өзің мен Алланың арасындағы байланысқа 
килігуіне рұқсат етпе.
Алла Тағала былай дейді: «Шайтан сендерді 
кедейлікпен қорқытады». Шайтанның «түбінде кедей 
болып қаласың» немесе «Алла сені кешірмейді» 
деген азғыруларын Алла Тағаланың саған уәде еткен 
сыйларымен қайтар. Осыдан кейін адамнан сұраудың 
қажеті жоқ шығар. Ендігі жерде күн сайын жер мен 
көктің Патшасымен маңызды бес кездесуің бар. Оның 
барлығына абсолютті түрде барлығына құдіреті жетеді. 
Оның иелігінде жер мен көктің қазынасы бар. Ол - 
Әлемдерді басқарушы. Құлдарына Үстемдік етуші. Ол 
- барлығын сақтаушы, қорғаушы.
Аталмыш бес кездесу сені Оның құзырына алып 
барады. Алла ешкімге мұқтаж емес, керісінше біз Оған 
мұқтажбыз. Кездесуде зияратың ұзап кетсе де ешкім сені 
тоқтата алмайды. Ол бәрін Білуші, ал сен білмейсің. Осы 
зияраттардан кейін қалағаныңа қол жеткізесің. Жомарт 
болған Алла сені жан тыныштығымен марапаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет