О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет18/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

логикалық
шешім де қарастырмады. Өйткені 
себептердің Раббысын ойлады.
Мұса пайғамбардың танытқан осындай сенімнен 
кейін Алла Тағала оған себебін жасауды көрсетті. Ол 
себеп елеусіз болса да Алла Тағала Мұсаға таяғымен 
теңізді ұруды уахи етті. Алла теңізді таяқсыз да бөлуге 
құдіретті! Алайда Ол бізге себептің қандай болатынын 
көрсеткісі келді. Себептер біздің күш-қуатымыздың 
шеңберімен өлшенеді. Алла Тағала Мұса пайғамбарға 
Перғауынға қайтуды немесе онымен келіссөз жүргізуді 
әмір еткен жоқ.
Себебі бұл – себеп емес.
Бұл – айтқым келген иманның мағынасы. Шама- 
шарқың жеткенше амалын қылып, кейін қалғанын 
Аллаға тапсырып, бұл тығырықтан шығаратынына нық 
сену. Ол нық сенім Нұх пайғамбарды қауымының зияны 
мен мазағына төзімді еткен. Нұх пайғамбарды қауымы 
не үшін
мазақ қылғанын білесің бе? Себебі Алла Тағала оған 
сахарада кеме жасауды әмір еткен. Сол себепті оны 
қауымы жынды деп мазақтап:


МҮМКІНДІК
64
«Сахарада кемемен жүзіп қайда бармақшысың» деп 
күлген. Нұх пайғамбар да кеменің қалай жүзетінін, оны 
жүздіретін себептерді де ойламаған. Ақылға салсаң 
да күлетін жағдай ғой. Ал Нұх пайғамбар себептердің 
Раббысына бас ұрды. Ол Раббысына: «Мен жеңілдім, 
маған көмек бер», - деп дұға қылған. [54:10]. 
Өйткені, ол құлшылық қылатын Құдайының құдіретін 
білетін.
Алла да оның дұғасын қабыл алды.
«Біз бірден көк қақпаларын ашып, нөсерлеттік. 
Жерден де қайнар сулар атқылаттық. Нәтижеде су 
әу баста жазылған істің жүзеге асуы үшін қосылды». 
[54:11]
Нұх пайғамбардың құтылуына себеп болған 
еңбекпен жасаған кемесі. Себеп шама-шарқыларының 
аясында ғана болды. Себебін жасау үшін аянбай еңбек 
етті. Өмірдің барлық аспектілерінде шамамыз жететін 
ғана себептер бар. Оны қалай жүзеге асырамын деп 
бас қатырма. Себебі Нұх пайғамбар да кемені қалай 
жүргіземін деп ойланбаған. Ол тек күш- қуаты жететін 
нәрсесін жасады. Осы себептерді жүргізген Құдіреттіні 
адам ұмытпауы үшін және иманын жаңарту үшін 
себептерді жүзеге асыруды Алла Тағала өз мойнына 
алды.


iqup
65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет