ҒАЖАЙЫП ҚАСИЕТ
iqup
49
Ғажайып қасиет
П
сихологтар бұны осылай деп атайды. Өмірде
көптеген жетістіктерге жетіп, әлемге іздерін
қалдырған адамдарға жүргізілген зерттеулердің
нәтижесіне зер салсақ, олар ортақ бір қасиетке ие екен.
Ол қасиет ақылдылық та, даналық та, айрықша білім
де емес. Ол билік, атақ, абырой мен байлық та емес.
Олардың түсінігіндегі құндылықтар басқа болған екен.
Олардың көпшілігінде аталғандардың ешқайсысы
болмаған. Олардың арасында IQ-ы орташа деңгейден
төмен болғандар, негізгі оқуды аяқтамағандар,
өмірлерін босқын болып бастағандар, күнделікті азығы
болмағандар да бар. Алайда сол қасиет арқылы оларға
есіктер ашылып, үлкен жетістіктерге жетіп, әлемнің
дамуына үлес қосты.
Көптеген жылдар бойы намаздарына сақ болып
келе жатқандар да осы қасиет бар. Ол қасиет –
олардың барлығына ортақ қасиет. Оларда ерекше бір
қабілет пен айрықша жағдай болған емес, бәлкім, тек
сол ғажайып қасиеттерін әдет болғанша дамытқан.
Бұл сипат - барлық жетістіктің негізі. Егер сенде де ол
қасиет болмаса, бұл кітаптан алатын барлық білімің
пайдасыз болып қалмақ.
МҮМКІНДІК
50
Self Discipline - Өзіндік
тәртіп - Дисциплина
Ө
зіңді басқара алу – ғажайып қасиет деп
отырғанымыз осы. Өзіңді ұстай білу – ол намаз
оқитын адамға ең қажетті қасиет.
Саған бір сиқырлы шешім немесе қысқа жолды
көрсетеді деп ойлап қалған шығарсың. Жоқ! Өзіндік
(дисциплина) тәртіпсіз ешқандай жетістікке жете
алмайсың. Көп адам тәртіп арқылы өзінің мақсатына
жеткен. Намаз оқушыларға қандай жағдай болмасын
намаздарын жіберіп алмауға көмектескен. Тәртіп сені
тұлғаға айналдырып, өміріңді қалыпқа келтіреді.
Өзіндік тәртіп дегеніміз – ұнатсаң да, ұнатпасаң да
уақытында істеу керек болған нәрсені істеу.
Өзіндік тәртіп дегеніміз – жеңіл және еліктіргіш
нәрсе мен аса қажет әрі маңызды нәрсенің арасында
дұрыс таңдау жасау.
Еліктіргіш әрі оңай нәрсені істеу алғашында рахат
пен ләззат сыйлауы мүмкін. Бірақ соңында өзіңді бос,
жабырқаулы сезінесің. Себебі маңызды істерің бітпей
iqup
51
қалған. Ал маңызды істер сені жалықтыруы мүмкін.
Бірақ соңында қуаныш пен тыныштықты сезінесің.
Себебі күніңнің құнды да пайдалы өткенін көресің.
Өйткені тәртіптің қиындығы өкініштің азабынан
жеңіл. Егер менің не айтып жатқанымды түсінгің
келсе, құптан намазынан кейін мешіттің алдында тұр
да, ол жерден шыққан адамдардан намаздан кейінгі
сезімдерін сұра немесе алдына қиын мақсат қойып,
оны орындаған адамнан қандай сезім кешкенін сұра.
Күн сайын маңызды іс пен маңызды емес істің
арасында таңдау жасайсың. Таңдауың сенің қандай
адам екеніңді анықтайды.
Өміріңде маңызды емес деп саналатын бірде
бір күнің болмауы керек. Қандай жағдай болмасын,
маңызды істі таңдар болсаң тұлғалығың күшейіп,
тәртіппен жүру әдетіңе тіпті өмір сүру салтыңа айналып
кетеді. Ал маңызды істі елемей, еліктіргіш қызықтарды
таңдар болсаң, адамдығың әлсіреп, нәпсіңнің тіліне
еріп кете беруге бейім тұратын боласың. Ол ол ма, тіпті
ол әдет сенің бір сипатыңа айналады.
Велосипед теуіп бара жатқан адам бір қарағанға
қиналмай, шеберлікпен теуіп бара жатқандай көрінеді.
Әлбетте, велосипед тебу білмейтін адам, ол адамды
күшті санауы мүмкін. Алайда олар оның теуіп үйренген
кезде бірнеше рет құлағанын білмейді. Дегенмен әлгі
адам табандылығының арқасында қиналмай тебуді
үйренген болатын.
МҮМКІНДІК
52
Сол сияқты намаздарына берік адамдар да солай
көрінуі мүмкін. Алайда олардың ондай дәрежеге
қалай жеткенін, сол хәлге жеткенше нәпсісімен,
сылтауларымен қалай күрескенін көрмейі.
Олай болса сен де қандай сылтау болмасын, одан
бас тарту арқылы және істеуің міндет болған ісіңді
кейінге қалдырмай істеу арқылы өзіңді өсіре аласың.
Жалығып кетемін деп уайымдама. Керісінше, өміріңе
бақыт пен қуаныш екпіндеп енетін болады.
iqup
53
Достарыңызбен бөлісу: |