МҮМКІНДІК
54
қалдырмаудың (прокрастинация) ең жақсы жолы – ол
ақылыңа үндемеуді бұйырып, іске бірден кірісіп кету.
Азанды естіген уақытта ақылыңа үндемеуді
бұйырып,
дәрет алып, бірден намаз оқып таста. Ең
жақсысы, намазыңды оқып болмайынша ешқандай
адаммен әңгіме- дүкен құрма. Себебі әңгімеден әңгіме
шығып, кейін шайтан араласып, намазыңды кешіктіріп
алуың мүмкін.
Не істеп жатсаң да,
қай жерде болсаң да намазды
қазір оқиын ба, кейін бе деп ойланба. Энергияңды
ойлану, толғануға жұмсама.
Намазды бірден оқуға
тырысқан сайын рухың қуаттанып, уақыт өте келе
әдетке айналады. Бұл жетістікке жеткен адамдар мен
намазын қаза қылмай
оқитын жандардың ең жақсы
әдеттері болып саналады.
Егіншілікпен айналысатын бір адам шалғысын
көтерген кезде азанды еститін болса,
шайтанның
азғыруынан қорқып, дереу шалғысын тастай салады
екен. Қарап тұрсаңыз,
болмашы ғана бір амал, бірақ
намаз мәселесінде ақылмен кеңеспеуге мәжбүрлейтін
жаттығу. Мешітке жүрегі байланған қарт кісінің баласы
былай деп айтқан екен: «Бір күні далада қатты нөсер
жауып тұрған еді. Әкемнен мешітке бармай намазын
үйде оқуын сұрадым.
Ол былай деп жауап берді: «Аллаға серт! Далада тас
жауып тұрса да, намазды мешітке барып оқимын!..»
Адамның мықтылығы – намазға келгенде ақылымен
санаспау.