О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет10/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

ОЙЛАРЫҢ - МІНЕЗІҢ


iqup
35
Ойларың – мінезің
С
анаңдағы толғандыратын диалогтар қаласаң 
да, қаламасаң да өміріңді басқарады. Сен тек 
ойлардың жиынтығынан тұрасың. Күнделікті істеп 
жатқан әрекеттерің бар болғаны ақылыңды билеген 
ойлардың жүзеге асуы ғана. Егер өміріңнің қандай 
да бір аспектісін дұрыстағың келсе, онда тікелей сол 
нәрсеге қатысты ойыңды өзгертуің қажет.
Сен наным-сеніміңе қарамастан қандай да бір істе 
жетістіке жетесің немесе жетпейсің. Есіңде болсын, 
қандай жағдай болмасын, сенікі дұрыс.
Кез келген істе жетістікке жету үшін әуелі жетістікке 
жете алатыныңа өзің сенуің керек.
Танымал боксер Мұхаммед Алиден жетістігі жайлы 
сұраған кезде үнемі: «I Am The Greatest - Мен Ұлымын» 
деп жауап беретін. Бұл сөзді ислам қабылдағаннан 
кейін
«Алла ұлы» деген сөзге өзгерткен. Ол шынымен 
тарих бетінде ұлы боксер болып қалды. Бұл сөз оған 
күнделікті жаттығуларын жүйелі түрде орындауға 


МҮМКІНДІК
36
көмектесетін. Рингтегі қиын сәттерде қолданатын 
болған. Егер ол бұлай ойламағанда жетістікке қол 
жеткізбес еді.
Ойыңа келген ойларды елеусіз қалдырма, әрбір 
ізгі іс – ой-пікірдің нәтижесі. Барлық қылмыстар мен 
соғыстардың басы идеядан басталған. Саған Ібілістің 
жалғыз қаруы азғыру, яғни уәсуәса салу екенін білуің 
жеткілікті. Ал ол сенің ойларыңа негативті әсер етеді. 
Сондықтан ақылыңды жаман ойлардан қорғап, оларды 
үнемі жағымды ойлармен алмастырып отыру қажет.
Адам ақылының мысалы – кез келген өсімдікті 
отырғызуға болатын топырақ сияқты. Бұл дегеніміз 
«не ексең, соны орасың» деген сөз. Санаңа қандай да 
бір ойды еккен кезде ол ойлар дұрыс болса да, бұрыс 
болса да әсер етпей қоймайды. Уақыт өте келе бұл 
ойлар әдеттер мен өмір дағдысын қалыптастырады.
Бір адамнан ауыр сөз естіп, сол үшін мұңайып 
немесе депрессияға түскен кезіңді есіңе түсір. Сондай-
ақ біреудің айтқан бір ауыз сөзінің себебімен бақыт 
пен қуанышты сезінген уақытты есіңе ал.
Кез келген адамның айтқан сөзі сенің сезімдеріңе 
қатты әсер етеді. Сол үшін де Пайғамбарымыз: «Жақсы 
сөз – садақа» деген. Себебі, адамға жақсы сөздің әсері 
зор.
Сонымен қатар ойларыңды бейнелеп беріп 
отыратын нәпсінің де әсері қатты. Тіпті үндемей 
тұрсаң да, нәпсіңнің әңгімесі сені бақытты немесе 


iqup
37
көңілсіз қылады, үміт береді немесе түңілтеді, қуаныш 
сыйлайды немесе қынжылтады. Дұрысы – нәпсіңмен 
мәмілеге келіп, оған жақсы сөз айтуың қажет.
Өз ойыңда намазды қалай елестетесің? Сол елес - 
нәпсіңнің намаз жайлы түсінігі. Ол сенің намазға сақ 
болуыңа немесе оған селқос қарауыңа ықпал етеді.
Мүмкін сенің түсінігіңдегі намаз ауыр, қиын болар, 
болмаса онымен байланысты жаман естеліктерің бар 
шығар. Ендеше, саған «намазға сақ бола алмайсың» 
немесе «намаз оқуға әдеттенбегенсің» немесе «намаз 
оқитындарда сенде жоқ ерекше қасиеттері мен 
өзгешелік бар» деген нәпсіңнің сөздеріне алданып 
қалма!
Алайда бұл намаздың хақиқи негізіне қайшы 
келмейді. Үнемі нәпсіңнің есіне Алланы салып отырсаң 
білімің артып, көзқарасың да ақырындап өзгереді.


МҮМКІНДІК
38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет