АШЫЛМАҒАН СЫР
МҮМКІНДІК
16
Ашылмаған сыр
Ж
ылдар бойы жасы сексенге таяған қарияны
бақылаумен болдым. Таң намазына бірнеше
минут қалған сәтте терезеге көз тастағанымда әлгі
қарияның таяғын серік қылып мешітке кетіп бара
жатқанын көретін едім. Бұл көріністі көрген сайын
көкейімде сұрақтар туындап ұят қысатын. Сол кездері
өзімнің ойдан құрап алған сылтауларым есіме түсіп,
ұялып тұрғанымды ұмытып кететінмін. Кейде терезеден
қайтып келе жатқан атаны көріп қалғанда намаздан
бұрын «Сенің қазір қолың бос емес, жұмысың біткен
кезде оқырсың» деген сылтауымның бірі есіме түсетін.
Сонда өзімнен «Шынымен сол уақытта маңызды
жұмыспен айналысасың ба? Айналысқан күнде де
бірер минутыңды қисаң, дүние төңкеріліп қалмайтын
шығар, ә?» деп сұраймын.
Сөйтіп баяғы өтірік сылтауымды сол сұрақтарға
қарсы жауап қылып қолданып көремін. Алайда еш
қисыны келмейді. Ол ойлар аз ғана уақыт көңілді алдап,
кейін із-түзсіз ғайып болады. Ары қарай үнсіздікпен
жалғыз қаламын. Сыртқа сабырлы көрініп тұрғаныммен
iqup
17
ішім алай-дүлей, өзіме ғана естілетін айқайы бар.
Ал намаздарым, сол бойы қаза бола берді! Мені сол
кісінің таяғының тықылы қанша рет оятқанын бір
білсеңіз. Ол ата таң намазына азан шақыруға баратын.
Әлбетте, ол мешіттің арнайы азаншысы бар еді. Ол да
таң намазының азанын қарияға қалдыратын.
Жылдар бойы сол таяқтың тықылын естіп келдім.
Оған суық та, жаңбыр да кедергі бола алмайтын. Жылдар
өтіп жағдайлар өзгергенімен мен ғана өзгермей сол
таяқтың тықылын естумен болдым. Оянған сайын
сылтауымды есіме алып әрі қарай солармен келіскен
күйде тәтті ұйқымды жалғастыра беретін едім.
«Ол кісі таңға дейін ояу жүріп, күндіз ұйықтауға
әдеттеніп кеткен. Оның ерте тұруды талап етпейтін
жеке жұмысы бар. Сондықтан да қанша жыл бойы
таң намазын қаза қылмай оқып келе жатыр. Ал менің
сабағым, оған қоса жұмысым бар» деп өзімді ақтаймын.
Бұл менің ең салмақты уәжім, сылтауым болды.
Жанымды осы ойлар мазалаған сайын өзімді «Бір күні
оқимын ғой!» – деп жұбататынмын.
Бір күні атаның не жұмыс істейтінін және күнін қалай
өткізетінін сұрадым. Атаның түнде ұйықтайтынын тіпті
жұмысына байланысты кеш жатып, аз уақыт ұйықтап
таң намазына азан шақыруға тұратынын білдім. Осыны
білген кезде менің айтар сылтауым қалмады. Сөйтіп
келесі күннен бастап таң намазын оқимын деп шешкен
кезде нәпсім маған: «Ол Алланың қалағанына беретін
сыйы. Бір күні Алла сені де тура жолға салады» деп
МҮМКІНДІК
18
сыбырлады. Сөйтіп терең ұйқыда жата бердім. Намазым
тағы да қаза болды!
Жүзінен күлкі кетпеген бір кісіні күнде жолықтыратын
едім. Оның жүзіне қараған сайын жантыныштығын
сезінетінмін. Адамға біртүрлі позитивті энергия
сыйлайтын. Ол кісі азанды ести салысымен дүкенін
жауып мешітке қарай тартып кететін.
Бірде әлгі кісінің дәрет алып, екі рәкәт намаз
оқығанын көрдім. Намаз үстінде әлгі кісінің ерекше
бір хәлге еніп кеткеніне куә болдым. Құдай екеуінің
арасындағы ғашықтықты көрдім. Өзгеше намаз. Өзгеше
құлшылық еді. Оның қызғаныш пен қызығушылықты
оятатын сыбырлаған дауысын естідім. Ол ешкімді
көрмейтін дәрежеде намазына еніп кеткен еді. Оның бір
рәкәттық намазы басқаның төрт рәкәттық намазының
уақытындай еді. Оның рукуғы, сәждесі, отырысы бәрі
ұзақ болатын.
Іштей «не оқиды екен, ешкім білмейтін дұға оқып
отқан шығар» деп ойлайтынмын. Осылайша оның
намазына ғашық болдым, намазды дәл солай оқуды
армандадым. Бірақ қолымнан келмеді. Жағдай мен
ойлағандай оңай болмады. Неге екенін білмеймін,
үмітім тез үзіліп, бұрынғы қалпыма түстім. Намаздарым
бірінен соң бірі қаза болып кете берді.
Сонда да әлгі кісіні жылдар бойы бақылап жүре
бердім. Көкейімде көптеген сұрақтар туды. Неге кейбір
адамдар намаздарына берік, енді бірі бір намаз
iqup
19
оқуға шамасы келмейді? Сыры неде? Бұл расымен де
Құдайдың қалағанына ғана беретін, біздің қатысымыз
болмайтын нәрсе ме? Олай болса, неге ақыретте
бірінші сұралатын нәрсе намаз? Егер намаз Құдайдың
ісі болса, неге ол үшін сауап пен жаза берілмек?
Осы сұрақтарға жауап табу керек болды.
Бұл дүниемен қоштасқанда амал дәптерімде
санаулы ғана намаздың болатынын ойлағанда мазам
қашып, қынжылатынмын.
Сөйтіп намаздарына берік адамдардан мұның
сырын сұрамақ болып шештім. Жетістікке жеткендердің
өмірбаяндарын, әдеттерін оқып шықтым. Соңында
жетістікке жеткендер мен намазына берік адамдардың
арасындағы үлкен ұқсастықты байқадым.
Мен бұл бөлімді таңымды таң намазымен қарсы
алып, тынығып отырғанда жаздым.
|