БІР КҮНІ
iqup
21
Бір күні
М
ен намаз оқитындардың қатарынан болуды
армандайтын едім. Егер намаз оқысам өмірім
дұрысталып, жаным тыныштық тауып қазіргі өміріме
қарағанда бақыттырақ болатынымды сезетінмін. Тіпті
бұл жайлы намаз оқымайтын адамдардың өздері
бірнеше рет айтқан болатын.
Солардың бірі өміріне тек намаз ғана жетіспейтінін
айтса, басқасы намаз оқыған адамның көптеген
мәселесі шешілетінін айтатын. Алайда ешқайсымыз
намаз оқымайтынбыз.
Күлкілі жағдай! Өзіміз бейқамдықтан бас көтере
алмай жүргенде бақыт пен тыныштықтың жолын табу
қайда? Неге біз намаздың тыныштық пен рахаттың
негізі екенін біле тұра оған бейқамдықпен қараймыз?
Неге әлі күнге дейін намаз оқымай жүрміз?
Осы мәселені зерттеп, солардың ішіндегі ең
маңыздысына үңілдім. Ең үлкен себеп ол - өзім жасап
алған «бір күні...» әлемінде өмір сүріп келіппін. Мен
ғана емес, барлық намаз оқымайтын адамдар осы «Бір
күні...» шаһарының тұрғындары екен...
МҮМКІНДІК
22
Аспаннан бір тылсым келіп өмірімізді өзгерткенін
күтеміз. Әйтеуір БІР КҮНІ жағдайымыз өзгеріп намаз
оқып кететіндей сенеміз. Мен де өзімді осылай
жұбатқанмын...
БІР КҮНІ таң намазына тұрамын...
БІР КҮНІ барлық намаздарды мешітте
оқимын...
БІР КҮНІ өмірім мен қалағандай болады...
БІР КҮНІ.... Күндердің бір күнінде...
«БІР КҮНІ» әлемінің ресми тілі - сылтау. Сылтаулар
менің намаз оқымай жүргенімді былайша ақтап береді:
• Жұмыс істеймін, таң намазын оқи алмаймын;
• Жұмысым ауыр, шаршадым;
• Бір намазым қаза болса көңілім құлазып,
қалғанын да оқымаймын;
• Намазды ықыласпен оқи алмаймын;
• Оқу бітіріп алайын, жұмысқа тұрған кезде
бастаймын;
• Үйленгенде немесе тұрмыс құрғанда
бастаймын;
• Күнәмді тастай алмай жүрмін, тастаған
соң бастаймын.
• Осы секілді жүздеген сылтаулар мені
намаздан тосып қойды.
iqup
iqup
iqup
23
«Неге кейбір адамдар намазға берік?» деген сұраққа
сылтау жауабым: «Оларда Құдай беріп қойған тылсым
қасиет бар. БІР КҮНІ Құдай бізге де сондай қабілет
сыйлап, солар секілді боламыз», - деуші едім.
Өзімді ол адамдардан бөліп, айырып алғанмын.
Олардың намаздарына беріктігінің себебі оларға
намаз жеңіл, түк қиналмай оқиды.
Ал маған намаз оқу үшін міндетті түрде арпалыс
қажет деп ойлайтынмын. Осылайша жағдайым өзгеретін
күнді күтумен болдым. Алайда ол күн өздігінен келмеді!
Ақыр аяғында мынадай ой келді. Намаз ақыреттегі
ең алғашқы сұралатын құлшылық болса ше? Егер
мен ойлағандай, намаз Алланың қалағанына беріп,
қалағанына бермейтін Құдайлық ісі болса, онда намаз
үшін сауап пен жазаның керегі қанша?
Құдайдың әділдігі қайда? Намаз оқитындар
Құдайдың демеуімен оқып жүрген болса мен ешқандай
демеуді сезбедім.
Егер өзім әрекет етпей керемет бір күнді күтіп
отыра берсем, өмірімнің өтіп кететінін түсіндім. Егер
намаздарына берік адамдардың қатарынан болуды
қаласам, онда міндетті түрде «бір күні» әлемінен шығу
керектігіне, сол «бір күнді» өзің жасамасаң, ешқашан
келмейтініне көзім жетті.
Басында бұл істің қиын болатынын білемін.
Дегенмен, о бастан миымыздан «бір күні» деген ойды
шығарып тастап, барлығы өзімізге байланысты екенін
МҮМКІНДІК
24
түсінуіміз қажет. Біздің «бір күні» деген түсінігіміз қате,
пайдасыз сондай-ақ бітпейтін сылтаулар мекенінде
жүргенімізді көрсетеді.
«Бір күні» әлемінен шығу – намазға ұқыпты болу мен
өмірден барынша мән-мағына таба білу. Ойша, әйтеуір,
намаз оқымау үшін түрлі сылтаулар айтқанша, намаз
оқуға көмектесетін факторларды ойлауымыз қажет. Бұл
кітаптың мақсаты да, осы.
Адамдардың көпшілігі талап етілген, жүктелген
міндетті орындамау рахат пен тыныштық береді деп
ойлайды. Кейбір адамдар намаз оқымауды намаз оқып
жүргеннен артық санайды. Себебі, намаз оқымау рахат
пен тыныштық әкеліп, артық машақаттан арылтады деп
ойлайды.
Алайда намаз оқымау үшін жұмсалған психологиялық
күш намаз оқуға кеткен физикалық күшпен тең. Бәлкім,
одан да көбірек болуы ықтимал. Намазды өтеу бақыт
әкелсе, намаз оқымау шарасыз күйге түсіреді.
Қараңғы бөлмеде қамалып қалған шыбынды көріп
пе едің? Сол шыбынның қараңғылықтан жарыққа
шығуға деген мотивациясы мықты. Бірақ оған терезе
кедергі болып тұр. Сағаттар бойы денесімен әйнекті
соққыласа да түк шықпайды. Түбінде терезеден шыға
алмай, өмірін өліп кетеді.
Иә, оның сыртқа шыға алатын қауқары мен
талпынысы бар. Алайда, бұрыс жол мен қате тәсіл
қолдануда. Сол сияқты мен де, сен де «бір күні» мен
iqup
25
бітпейтін сылтаулардың тіліне ере берсек ешқашан
намазымызға ұқыпты бола алмаймыз. Сондықтан, бізге
жарыққа шығып, нәтижеге қол жеткізу үшін басқа жол
табу қажет.
Енді сылтауға жол жоқ. Намаздан да қиын физикалық
және психологиялық тұрғыда ауыр істердің талайын
істедің емес пе?
Жасы сексенге келген әлгі қарияның сен ойлағандай
ерекше қасиеті жоқ. Тіпті оның күш-қуаты менікінен де,
сенікінен де аз. Ол соған қарамастан намазына ұқыпты.
Жылдар бойы намазына берік болып жүрген ол
кісінің түнгі ұйқысы менікінен де, сенікінен де аз. Бірақ
соған қарамастан таң намазына берік. Олай болса,
бізде сылтау қалмады.
Ең алдымен, қандай жағдай болмасын намазға берік
бола алатыныңды және намаз оқитын адамда ешқандай
құдіреттің жоқтығын мойындауың қажет. Осылайша
намаздарына ұқыпты адамдармен сөйлесе жүріп
игерген түрлі қабілеттері мен сырларын үйренесің.
Құдіретті Алла Тағаладан бізді сол жандардың
қатарына қосуын сұраймын!
Себебі намазбен өткен күн мүлде ерекше. Ал
намазбен көмкерілген өмірдің ләззаты мен рахатын
сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны тек сезіну керек.
|