iqup
75
иісінің өзі немесе тамаққа
қарау тамақ ішуге деген
ынтасын күшейтетін стимул болмақ.
Біздің жаcап жүрген әдеттеріміздің қоздырғышы
немесе стимулы бар.
Тіпті темекі шегу сияқты зиянды әдеттердің өзіндік
стимулдары бар. Ағзадағы никотиннің жетіспеуі адамды
темекі шегуге итермелейтін қоздырғыш. Ол сезім
болмаса да темекіні көру немесе шылым шеккіштердің
қасында отыру темекі шегуге қызығушылықты оятатын
қоздырғыш болмақ.
Хопкинс
әдеттің толық қалыптасып, күнделікті
әдетке айналуы үшін стимулмен бірге басқа да
фактордың қажет екенін білетін. Тұтынушыны тіс
пастасын қолданғаннан кейін тағы да қолдана түсуге
қызықтыратын бір сыйлық
секілді нәрсенің міндетті
түрде болуы керек деген ой түйді.
Нью-Мексико
университетінің
зерттеушілері
жүйелі түрде спортпен шұғылдануға әдеттенген 226
адамға зерттеу жүргізген. Олар аптасына кем дегенде
3 рет жаттығады. Зерттеуге қатысушылардың біразы
спортпен шұғылдануға әдеттеніп кеткенін,
спортпен
айналысқанда өздерін жақсы сезінетінін айтқан.
Осылайша олар эндорфинді қалайтын, тіпті күтетін
дәрежеге жеткен. Ал эндорфин дегеніміз – адам
ағзасындағы ауруды жеңілдетіп,
рахаттық сезімін
сыйлайтын гормон.