О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет30/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

Олар сені алдады
А
дамның ағзасы 8 сағат ұйықтағанда демалады 
дейтіндер сені алдады. Бұл стереотипті таста, 
саған бар-жоғы терең ұйқының циклін толық аяқтап 
ояну қажет. 
Терең ұйқының 1 циклі – 1,5 сағат, 2 циклі – 3 сағат, 
3 циклі – 4,5 сағат, 4 циклі – 6 сағат осылайша кете 
береді. Маңыздысы қай циклде болмасын, соңына 
дейін аяқтап ояну. Сол кезде сергек халде қиналмай 
оянасың. Әрине кейде кеш жатуға тура келетін күндер 
де болады. Сол кездерде таң намазын жіберіп алмай, 
ұйқының осы циклін қолдан (1,5 сағат).
3 немесе 4,5 сағат ұйықтап таң намазына оянуыңа 
болады.
Сол күннің түскі уақытында жарты сағаттан аспайтын 
(қайлулә) ұйықтап ал. Мен кейде 10 немесе 20 минут 
ұйықтап, көп сағат ұйықтағандай болып оянамын. Егер 
қайлуләң жарты сағаттан асып кетсе, керісінше қатты 
шаршап оянасың. Өйткені жеңіл ұйқы циклінен терең 
ұйқы цикліне өтіп кеттің, ал терең ұйқы циклін толық 
аяқтамай ояну - ағзаға өте ауыр.


МҮМКІНДІК
104
Уақыт және оптимизм
Б
ұл сүре пайғамбарымызға ұзақ уақыт уахи 
тоқтап қалған кезде түскен. Сол үшін Меккенің 
мүшріктері «Мұхаммедке Құдайы ашуланып тастап 
кетті» деп келеке етті. Бұл сөздер пайғамбарға әсер 
етіп қатты қайғыға түсіреді. Алла Тағала пайғамбарды 
жұбатуды қалап Мекке мүшріктері айтқандай оған 
ашуланбағанын және тастамағанын хабарлады. Алла
Тағала осы кезде адамға позитив, оптимизм және өзіне 
деген сенім сыйлайтын нәрсемен ант еткісі келді. 
Осылайша Жаратушымыз ант еткенде Сәске уақытын 
таңдады. Ол күннің тас төбеге көтерілгенге дейінгі 
уақыты.
«Күн көтеріліп жарқыраған сәске
уақытына серт! Қою қараңғылық қаптап, 
жым-жырт тыныштық орнаған шақта түнге 
(серт!) Уа, Мұхаммед! Раббың сені тастап
кетпеді, саған ренжіген де емес» [93:1-3].
iqup


iqup
105
Ол уақыт бізге тас қараңғылықтан кейінгі келетін 
уақытқа (духа) ишара етеді. Ол уақыт – бақыт, оптимизм 
және жан тыныштығының негізі.
Пендесін Сүюші, аса қамқор Алла Тағала әрбір 
қайғы мен мұңға кісенделген адамға дауа ұсынғандай. 
Бұл дауаның алғашқы рецепті – түнгі тыныштықтан 
кейін күн шыға бастаған сәтте, яғни духа уақытында ой 
жүгірту.
Күн көтеріліп, жарқыраған сәске уақытына серт! Қою 
қараңғылық қаптап, жым-жырт тыныштық орнаған 
шақта түнге серт!.. 
[93:1-2]
Осы екі көріністі түн мен сәске уақытын көрген 
адам ерекше позитивті энергияға толады. Ал бұған тек 
күндерін таңмен бастайтындар ғана ие.
Канаданың Торонто университетінің ғалымдары 
жүргізген зерттеулерге сәйкес түнді ұйқысыз өткізгенді 
жақсы көретіндер пессимизге бейім болып келеді және 
де түнде ерте ұйықтап, таң алдында оянатындармен 
салыстырғанда көңілсіз жүреді екен. Зерттеу ерте 
оянғандардың бақытты болуының себебін олардың 
табиғи өмір сүретіндігімен және оған көмектесетін 
тиісті атмосферада жұмыс жасауымен байланыстырады. 
Ал бұны қиын деп санайтын «түнгі адамдар» өмірдің 
табиғи жағдайына бейімделе алмайды. Осы әдеттері 
уайым, өзіне және өзгеге ренжу мен мазасыздық 
тудырады.


МҮМКІНДІК
106
Медицинада аурудың пайда болуын зерттейтін 
жаңа тұжырымдамада адамда кейбір аурудың 
пайда болуы белгілі уақытта болатыны анықталған. 
Кардиологтардың айтуы бойынша, жүрек пен ми 
инсультының 80%-ы таңғы 8:00 айналасында болады. 
Себебі таңғы сағат 8:00 қан тамырлары үшін ең қауіпті 
уақыт. Түнде қан айналымы баяулап, ұйқы кезіндегі 
бұл баяулық адам ағзасындағы қанды қоюлатады. 
Алайда Алла Тағаланың бізге деген рақыметімен қан 
айналымының жылдамдығы сақталу үшін ағзамызда 
қан тамырларын тарылтатын зат бөлінеді. Сондықтан 
дәрігерлер қан тамырларын тарылтатын осы процесс 
іске аспай тұрып, күн шықпастан бұрын оянуға кеңес 
береді.
Сол себепті Алла Тағала таң 
намазының азанында:
«Намаз ұйқыдан хайырлы» деп хабарлады.
iqup


iqup
107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет