МҮМКІНДІК
136
арқылы әр намаздан кейін адам үлкен мөлшерде
рухани қуат алатындығы анықталды.
Біз мұсылмандардың күніне бес мәрте намаз
оқуында жатқан үлкен хикметін таптық.
Себебі
уақытылы оқылған намаз адамға күні бойы рухани
қуат және күнделікті өмір тіршілігі мен ауыртпалыққа
қарсы тұруға қажетті жан тыныштығы мен энергия
сыйлайды екен.
Бір ғажабы – энергия
деңгейі намаз уақытында
(азанмен бірге) шкаланың бойымен биікке көтеріліп,
келесі намаз уақыты келгенше біртіндеп түсе бастайтын
көрінеді. Сөйтіп энергия деңгейі тағы бір рет шыңына
жетеді. Намаз уақыттары мен дененің түрлі уақытта
бөлетін гормондар арасында үлкен байланыс бар. Бұл
намазды сирек қаза қылатын адамдардың сырлары.
Себебі олар азанды
ести салысымен намаз оқуға
асығып тұрады.
Белгілі бір намаз уақыты, өзінің жоғары энергиясымен,
намазды сақтауды жеңілдететін күшті мотив ретінде
қызмет етеді. Намаздың әуелгі уақытынан-ақ кейін
оқимын деп сені алдайтын
кез келген сылтаулардан
сақ бол.