О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет31/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

Анау жақта үй бар
А
мал дәптерлер ақтарылып шашылғанда, таразылар 
құрылғанда, 
амалдар 
өлшенгенде 
кейбір 
жүздерді қорқыныш басып, жүректер үрейленеді,
денелер қорыққаннан дірілдей бастайды. Сен де 
абыржып, қайғырасың. Өйткені басыңа не келетінін 
білмейсің. Таразың ауыр баса ма, жоқ па? Өткенге 
өкініп, алдыңда не күтіп тұрғаны белгісіз болып тұрған 
сәтте, періштелер жәннәт иелерін шақырып жатқанын 
елестетші. Бірақ сен өз есіміңді естімейсің. Алдыңда 
ұзақ есеп бар. Өйткені пенделікпен жасап қойған ауыр 
күнәларың бар, ал ыстық күн қайнап тұр. Кенеттен 
өз есіміңді атап шақырғанын естігенде селк етіп, өз 
құлағыңа өзің сене алмай қаласың!!! Ішіңнен «Жәннәт 
иесімін бе?! Маған жәннәт қайдан?!» - дейсің. Екінші рет 
атыңды атайды, шынымен де, ол сенсің, сенің есімің. Бір 
періште келіп: 
«Анау жерде сенің үйің бар!..» - дейді. 
Жәннатағы үй!!! Менің үйім!!! Қалайша? Қашан? 
Санаңды сан-саққа жүгірткен ойлар мен сұрақтар, 
өміріңнің бүге-шігесін есіңе түсіре бастайсың: Алла 
жолында мерт болған шәһидтерден болмадың. Алланы 
көріп тұрғандай құлшылық қылған тақуалардан да 
болмадың. Бірде күнә жасап, бірде тәубе етіп, бірде 


МҮМКІНДІК
108
туралықта болып, бірде адасып жүрдің. Ойға батып 
кеткен кезіңде өміріңдегі естеліктерің есіңе түседі. Дәл 
алдыңда үйіңді, жәннаттағы үйіңді көресің. Кірпіштері 
алтын мен күмістен соғылған, хош иісі аңқыған, інжу-
маржан һәм жақұтпен әшекейленген, ішінде ешқандай 
киім ескірмейді, ешкім қартаймайды. Ол үйдің есігінде 
«Сүннет намаздар» деп жазылып тұрады.
Иә, біздің мырзамыз: «Кімде кім парыз намаздан 
басқа күніне он екі рәкәт намаз оқыса, оған жәннатта 
үй соғылады», - деген. Тіпті бір күн оқысаң да соның 
құрметіне үй салынады. Сол арқылы атың жәннат 
тұрғындарының қатарына жазылады. Мұнда сенің 
үйің бар. Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла 
Тағала жәнаттағы құлының үйін жойып жібермейді. 
Әділдердің ең әділі, бәлкім, әділдіктің өзі. Тіпті әр 
күні бір үйден соға аласың. Ойлап көрші, есепке 
алынғанда амал дәптеріңде жәннатта жүздеген үйлер 
жазылған. Қалайша олардан бас тартасың? Жылдап 
істеген жұмысыңның айлығы бұл дүниеде бір үйдің 
құнына жетпеуі мүмкін. Алайда сүннет намаздар саған 
жәннаттан сарай салып береді.
Сүннет намаздар:
Таң намазының парызының алдындағы 2 рәкат
Ақшам намазының парызынан кейінгі 2 рәкат
Бесін намазының парызынан кейінгі 2 рәкат
Бесін намазының алдындағы 4 рәкат 
Құптан намазының парызынан кейінгі 2 рәкат


iqup
109


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет