«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
54
- Қазақ ғылыми-зерттеу мəдени институтының бас ғылыми қызметшісі,
кəсіби маман ретінде айтыңызшы, елдегі туризмді дамыту мəдени саланың
дамуымен қаншалықты етене жақын?
- Тəуелсіздік алғаннан бері ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
мемлекеттің мəдениет саласы бағытындағы басым саясаты анықталды. Ол өз
кезегінде Ұлт Жоспарында жəне Қазақстанның мəдениет саясатын дамыту
тұжырымдамасында көрініс тапқан. Елбасы 2030 жылға қарай Қазақстанды
Еуразиялық мəдениет орталығына айналдыруға тапсырған болатын. Біз осы
межеге талпынуымыз керек. Біз отандық жəне шетелдік туристер үшін
Қазақстанның бай мəдени мұрасын сақтау жəне қазіргі заманғы мəдениетін
дамыту үшін, еліміздің барлық өңірлерінде əлеуетін жандандыру бағытында
барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіспіз.
- Ал мəдени туризм біздің елде қаншалықты дамыған. Сіздің ойыңызша,
Қазақстан туристерге не ұсына алады?
- Экономикалық тұрғыда дамыған елдер туризм, оның ішінде мəдени
туризм өте мықты дамыған. Ол мемлекеттік жəне сыртқы саясаттың ажырамас
бір бөлігі саналады. Қазіргі уақытта республикамыздың туризмі дағдарысты
бастан кешуде. Басты проблема –мəдени туристік кластердің жоқтығы.
Мен айтайын, карта тілі өте ауқымды. Мысалы, «Ақмола облысының туристік
картасын» алып көрейік. Схемадан не көреміз? Облыс орталығында
халықаралық əуежайы бар, Мемлекет елордасы-Астананы, «Бəйтерек» немесе
океанариум сияқты туристер баратын орындарды қала маңындағы мəдени
нысандармен туристік орындарды көреміз. (246 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: