«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді



Pdf көрінісі
бет58/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді. 
Қазақтың қоғам қайраткерлері латын әліпбиіне көшуге
қарсы шықты 
 
Қазақ əліпбиін латын графикасына көшіру туралы кейбір ғалымдар, қоғам 
қайраткерлері бірнеше жылдан бері əңгіме қозғап келеді.
Жолдаудан кейін біреулер латын əліпбиіне 2017 жылдан бастап 
бұрылайық десе, базбіреулер, тіпті, ертеңнен бастап көшуге əзір екендіктерін 
білдіруде. Ендеше, осы істе жолымызды екі үлкен мəселе кес-кестеп тұр. 
Бірінші мəселе - мынау. Осы күнге дейін Республикамызда еліміздің 
ежелгі, кейінгі тарихына, мəдениетіне, рухани құндылықтарына байланысты 
жəне ғылымымызды, əдебиетімізді, салт-санамызды əспеттейтін миллиондаған 
атпен кітаптар, ғылыми еңбектер басылды. 
Латын əліпбиіне көшкен жас бүлдіршіндеріміз кириллицада басылған баба 
тарихымыздан, рухани парасатымыздан қол үзіп қалатыны айдан анық. 
Латыншаға ауысқан Өзбекстан мен Әзірбайжан республикаларының 
қаншама ғылым, əдебиет, өнер қайраткерлері бізге осы мəселе төңірегінде өз 
өкініштерін білдіргені жадымызда. 
Енді ең басты мəселеге, яғни, біздің үлкен қарсылығымызды тудырған 
екінші мəселеге назарларыңызды бұралық. Үндеуге қол қойған адамдардың 
бірімен, осыдан үш жылдай уақыт бұрын, Астанадағы Н.Назарбаев атындағы 
орта мектепте кездесу өткен. Осы мектепте оқитын бүлдіршіндердің 22 сыныбы 
қазақша, 22 сыныбы орысша білім алады екен. Ал орыс тілінде оқитындардың 
шамамен 90 пайызға жуығы қазақтар.Тура сол кезеңде Астанадағы қазақ 
балаларының 47 пайызы тек орыс мектептерінде оқитыны айқындалған-ды.
Ал, "Мемлекеттік тіл" қоғамдық қозғалысының мəліметіне сүйенер болсақ, 
қазіргі кезеңде қазақтардың 60 пайызға жуығы өз ана тілінде оқи алмайды, жаза 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
56 
алмайды. Міне, мəселе қайда жатыр? Енді осындай кезеңде "Латын əліпбиіне 
көшейік!" деген мақсат алдымызды орады. 
Республикамызда жалғыз қазақ тілінің ғана латыншаға көшуі, туған 
тілімізде оқып, жаза алмайтындардың санын күрт көбейтіп, кириллицаның 
бағын одан сайын жандыра түсетіні күмəнсіз.Кириллицада тұрғанда олардың 
ана тілін үйренуге құлқы соқпағанда, латын əліпбиіне көшкенде ұлттық сезімі 
оянады деп ойлау мүлде қате түсінік. (244 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет