Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет123/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

психологиялық-педагогикалық
немесе 
психопедагогикалық ойлар мен баяндаулар заңды орнын та- 
бады. 
Тап осы факт, яғни барлық педагогикалық үдерістер психо-
логиялық үдеріс болып табылатындығы педагог пен психологты 
(біріккен ғылыми гуманитарлық көзқарастарына байланысты) 
байланыстырады (және біріктіреді). Оның арасында екі ғылыми 
мәселенің қойылуында да логикаға сәйкес мәнді ерекшелік бар. 
Бұл басқа саланың психологиялық зерттеулеріне де, біздің 
жағдайда педагогикалық зерттеулерге де қатысты. Психолог-
тардың міндеті – педагогикалық үдерісте болатын 
психикалық
үдерістерді талдау және осыдан заңды байланысты туындауын 
ашып көрсету; педагогтың міндеті – педагогикалық мәселелер-
мен айналысу, яғни даму үдерістеріне 
араласу 
және осы үдеріс-
терді ғылыми түрде 
басқару
. Егер психолог дамудың педаго-
гикалық үдерісіне араласатын болса, онда бұл әрекет жоғары 
бағаға ие; егер мұнда педагог «араласса», онда, бұл тек оның 
өзінің әрекет саласы ғана. Біз бұдан дидактиканың, сонымен 
бірге педагогиканың, медицинамен үлкен логикалық ұқсастығы 
бар екенін көреміз. Педагогика мен медицина «практикалық 
ғылымдар» болып табылады және осы тұрғыда олардың тех-
никалық және басқа пәндермен туыстас екендігін айта ала- 
мыз. 


318 
*** 
Әлеуметтік тұрғыдан дидактика 
кез келген басқа да
мәселенің ғылыми қойылуында (тек ғылыми ғана емес), барлық 
басқа ғылымдар мәселесінің қойылуында 
үшінші
деңгейде тұр. 
Дидактикаға тән бұл жағдай әрбір ғылымның «оқу материалы-
ның» әлеуетті мазмұны ретінде қосатын үлесіне байланысты. 
Дидактика мәселесі қойылуының барлық мүмкін болатын 
ғылымдар мәселесінің қойылуына бұл қатынасы дидактикалық 
үдерістің маңызды және материалдық аспектісін құрайды. 
Дидактика мәселенің қойылуының дамуы тарихи тұрғыдан 
алғанда тәжірибесін жүйелеу жалпылаудағы ғылыми міндетпен 
сәйкес келеді. Дидактика мәселенің қойылуы жалпыланған және 
одан әрі жүйеленген тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа деген қоғам-
дық қажеттіліктің бейнесі ретінде дамиды, сөйтіп, танымның 
қоғамдық үдерістерді дамудың жеке-дара үдерістеріне тасымал-
дауы мүмкін болады. Сонымен, дидактикалық ойлауға тән 
ғылым мен оқыту арасындағы қатынастар туралы сұрақтан (ғы-
лым мен сабақ беру арасында және оқу пәні мен ғылым арасында, 
т.с.с.) шығатын оқыту мазмұнына әлеуетті білім мазмұнын 
тасымалдау проблемалары (таңдау, орналастыру, оқу материалы-
на зейін қою, дидактикалық қарапайымдылық, дидактикалық 
жүйелілік, білім мазмұнының көрініс формалары, т.с.с.) пайда 
болады. 
Ғылыми білім
түсінігінде, яғни жалпы, кәсіби, арнайы білім, 
біліктілікті көтеру және жетілдіру түсінігінде әр түрлі ғылым-
дарға ерекше дидактикалық бағыт (дамыған және дамушы) 
қалыптасады. Социалистік мектеп және оның дидактикалық 
тұжырымдамасы үшін жан-жақты дамыған, гармониялық білімді 
тұлға 
(Г. Нойнер) 
барлық теориялық және практикалық жұмыс-
тардың, педагогикалық ұстанымның барлық анықтамаларының 
принциптік өзегі болып табылады. 
Біз оқытуды дамудың ұзақ тарихи үдерісінің (меңгеру 
үдерістері, таным үдерістері) тұлға қалыптасуының үдерісіне, 
дамудың жеке үдерісіне тасымалдану үдерісі ретінде сипаттадық. 
Жалпыланған

жүйеленген
тәжірибенің берілу қажеттігі, ал 
сонымен қатар ғылыми оқытудың қоғамдық қажеттілігі немен 
байланысты? 


319 
Бірінші себеп: танымның тарихи қоғамдық үдерісін дамудың 
белгілі кезеңінде тікелей тәжірибе жолымен қайталауға бол-
майды. Қоғамдық мәнді таным (тәжірибе, білім, нормалар, т.с.с.) 
кең таралғандықтан, тек жалпыланған және біршама жүйелі 
түрде (жасанды және табиғи тілдің көмегімен) беріле алады. 
Екінші себеп: ғылыми көзқарастың қалыптасуы индиви-
дуумның тікелей тәжірибесі негізінде ғана болмайды. Ғылыми 
теория индивидуумның даму үдерісінде «сырттан», яғни жоспар-
лы ұйымдастырылған үдеріс жолымен жасалады. 
Социалистік мектепте ғылым негізінің жүйелі түрде берілуі 
«оқыту мазмұны» категориясының түйіні болып табылады. 
Оқытудың мазмұны не табиғи, не қоғамдық үдерістер емес, ал 
қоғамдық және табиғи үдерістердегі әлеуметтік (қоғамдық-
тарихи) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет