Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Оқушылардағы түсінік қалыптасуының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет131/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

 
Оқушылардағы түсінік қалыптасуының ерекшеліктері 
Жоғарыда ескерілгендей, «қабылдау – елестету – түсіну» 
схемасы психология мен дидактикада функциялық мағынаға ие, 
яғни ол әрбір жаңа жалпыланған білімнің түзілуін суреттейді. 
Сонымен қатар балалар психологиясында бұл схема балалардағы 
жалпылауға бейімделу мүмкіндіктерінің жас кезеңдеріне қарай 
дамуын сипаттауға арналған деп қабылданған. Өз кезегінде, 
мектепке дейінгі мекемелердегі және мектептегі оқыту мағына-
сын (бағдарламасын) анықтау балалардағы жалпылау дамуының 
осы сипатына сүйенеді. 


337 
Мектепке дейінгі жастағы балалардағы жалпылау тікелей 
қабылдау ретінде жүзеге асатындығымен ерекшеленеді, ал олар-
дың арасындағы ең үлкендері бұған дейін көргенді қарапайым 
ғана «еске алу» ретінде есептейді. Бұл жалпылау мүлдем толық 
және нақты емес, онда объектілердің маңызды белгілері маңызды 
еместерімен араласып кеткен. Оның мәні тек сыртқы, жарқы-
раған, тұрмыстық маңызы бар белгілер болып табылады, балалар 
заттық әрекеттер жасау кезінде соның негізінде бағыт алады. 
Кіші мектеп жасында жалпылау бәрінен бұрын елестету 
ретінде орындалады, оның мәні, сыртқы болса да, берілген 
заттың сапаларын сезініп, бірақ түрлі тапсырмаларды орындау 
кезінде мейлінше толықтық пен дәлдікті қамтамасыз ететін-
дердің, заттарды тануды, жіктеуді, жүйелеуді талап ететіндердің 
бәрі бірдей («қарапайым ұғымдар» деңгейіндегі жалпылау) бо-
лады. 
Жасөспірімдік және жоғары мектеп жасында жалпылау 
объектілердің қатынасы мен байланысының ойша, жүйелі тал-
дауының негізінде орындалады. Ол, сондай-ақ қабылдаудан және 
елестетуден алыстатылады, бірақ бөліну мен осы объектілердің 
ішкі сапаларымен байланысты, оларға бағытталу тек көрнекі 
құрамдас (өзінің түсінік жобасы) бөліктер өте аз болғанда не 
мүлдем болмағанда ғана жүзеге асады. Мұндай жалпылау 
міндетті толыққандылық пен дәлдікке ие. Ол ішкі сапалар мен 
қатынастардың көп түрлі жеке көріністерін түсіндіру үшін 
қолданылады, осы арқылы мына жағдайлар байқалады: бұл ғы-
лыми ойлау деңгейіне сай келетін теориялық жалпылау (ол ерте 
жастарға сәйкес келетін көрнекілік-әрекеттік, нақты-бейнелік 
ойлауға қарсы тұрады). 
Жалпылаудың онтогенетикалық дамуының ең негізгі 
тұстарының бірі «қабылдау – елестету – түсіну» схемасы 
бойынша ауысу болып табылады. Оның кезеңдері әрқайсысы 
негізінен белгілі бір жасқа сәйкес келеді және өзіндік сапалы 
ерекшелігі бар. Сонымен қатар барлық кезеңдерде орындалған 
жалпылаудың қандай да бір ұқсас белгілері бар. Олардың жоғары 
және төменгі мектеп жасындағыларда қолдануын қарастырып 
көрейік. 
Сонымен, бұл жастағылар үшін көрсетілген схема тағы да 
қызметтік
мәнге ие – жаңа жалпылаулар қабылданған мәлімет- 


338 
тердің немесе оларға сәйкес елестетулердің негізінде қалыпта-
сады. Бұл жерде түсініктердің негізінде жатқан жалпылауды 
қалыптастырудың негізгі 
шарттары
бірдей екендігі ерекше 
маңызды
.
Шынында да, осы заттар мен бақылауларда қандай да бір 
ортақтық, ұқсастық, бірдейлікті ашатын, салыстыру үшін бастап-
қы материал ретінде қызмет ететін нақты заттар мен тұрмыстық 
бақылаулар (елестетулер) аса қажет. Кіші мектеп жасында, 
мысалы, түбірдің алдында тұратын сөз бөліктері салыстыры-
лады; балалар оны бөліп алады да, осы бөліктердің кейбір ұқсас 
ерекшеліктерін «приставка» деп атайды, ал сосын оларға 
приставкаларды анықтау кезінде, олардың предлогтардан жік-
телуі кезінде сүйенеді. Жоғары мектеп жасында қатысушылар 
физика курсын оқу кезінде, мысалы, балғамен көрікті ұру, 
қолмен допты ұру, жүк ілінген арқанды тартуы жағдайларын 
салыстырады. Мұндай жағдайларда олар қандай да бір ұқсастық 
пен ортақ нәрсені тауып, бөледі (тең, бірақ қарама-қарсы 
бағытталған, т.c.c. күш әрекеті). Бұл жалпылау Ньютонның үшін-
ші заңы туралы түсінік негізіне қойылады, ал сосын денелердің 
өзара әрекеттесуінің түрлі жағдайларын түсіндіруге қолданы-
лады (мысалы, арба мен оны жылжытатын аттың өзара әрекеттері 
жағдайын түсіндіру үшін). 
Осындай әдіспен, кіші мектеп жасында қарапайым ұғым-
дарды және орта мектеп жасында «теориялық» ұғымдарды қа-
лыптастыру кезінде заттардың дәл осы жиынтығы мен олардың 
қатынасына тән тұрақты және қайталанатын элементтің кейбір 
инварианттарын табу және бөлу орталық буын болып табылады. 
Әрине, тұрақты инвариантты нәрсені тауып, бөлу үшін екі 
жағдай да оқушылар осы жиынтықтың мүшелерін қарсы қоюға, 
түрлендіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл мағынада арифметика-
лық соманың (5+2=7 барлық заттық жағдайда) инварианттылы-
ғын бөліп көрсету үшін заттық топтарды түрлендіру принципті 
түрде екі дененің механикалық өзара әрекеттесу заңын шығаруда 
тұрмыстық мысалдарды түрлендірумен ұқсас. 
Басқа сөзбен айтқанда, жалпылау үдерісі мен оның бірінші 
тарауда көрсетілген өнімдерінің негізгі ерекшеліктері ұғымның 
қарапайым да, теориялық та қалыптасуына қатыса алады. Әрине, 
мүмкіндігінше «таза» қалпында бұл суреттеу қарапайым түсінік- 


339 
ке жатады, өйткені теориялық жалпылауға бірқатар арнайы ерек-
шеліктер тән, олар туралы айрықша айтып өтуге болады. 
Психологиялық-дидактикалық 
жұмыстарда 
теориялық, 
ғылыми жалпылаудың ерекше қыры деп әдетте объектінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет