340
сәйкес, оқытудың әрбір сатысында бала алдында өткен тәжіри-
бесінен жиналғанды келесі оқыту сатысында «толықтырып»,
бекітіп отыру керек. Бұл тұжырым бастауыш оқытудағы психо-
логиялық-дидактикалық жұмыстарда жақсы көрінеді. Мұнда
мектепке дейін балаларда қалыптасқан тұрмыстық тәжірибені,
мәліметтер мен жалпылауларды қолдану қажеттігіне үнемі баса
назар аударылады. Мысалы, арифметиканы үйрету әдіснама-
сында «мектептегі оқытуды мектепке
дейінгі оқытудың табиғи
жалғасы, дамытылуы ретінде қою мүмкіндігі, балалардың мек-
тепке дейін жиналған заттық топтармен байланысы, олардың
алғашқы санау, есептеу тәжірибесін
толығырақ пайдалану
мүмкіндігі ескеріледі, бұл оқытуда математиканы өмірмен тығыз
байланыстыра отырып жүргізуге әсер етеді».
Тарихты оқытуда тарихи уақыт туралы түсінік маңызды
мәнге ие екені белгілі. Психология мен әдістемеде оның алғы-
шарттары бала тарих пәнін арнайы оқығанға дейін жинақтала-
тын, уақыт аралығының
тұрмыстық бағалануында, мектепке
дейінгі тәжірибесінде жатыр деп есептеледі. «Баланың тікелей
сезімталдық тәжірибесінен туындаған және тарихи уақыт туралы
әлі жіктелмеген елестерін өлшеуге қызмет ететін баланың тұр-
мыстық уақыт туралы алғашқы түсініктері
алдағы уақытта
тарихи уақыт туралы түсініктің бүкіл жүйесін құру үшін тиімді
болып табылады».
Белгіленген ұстаным білім беруді өздігінен маңызды және
қажет болып табылатын «сабақтастыққа» ғана бағыттап қой-
майды. Бұл жерде сабақтастық былай түсіндіріледі: бастауыш
білім
беру мектепке дейінгінің
табиғи жалғасы
, баланың
мектепке дейін игерген білімі, атап айтқанда,
санақ пен есеп
туралы білімі белсенді түрде пайдаланылады және үйлестіріледі.
Одан өзге, тұрмыстық уақыт туралы елес тарихи уақыт туралы,
яғни оның тарихи ғылыми көрінісіндегі
Достарыңызбен бөлісу: