Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Жалпылау теориясының мектеп бағдарламаларын



Pdf көрінісі
бет134/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Жалпылау теориясының мектеп бағдарламаларын
құрастырумен және көрнекілік ұстанымымен
байланысы 
Психологтар мен педагогтардың балалардағы жалпылаудың 
дамуы туралы ойлары оқытудың әдістері мен мәні құрылатын 
сол іргетастың маңызды бөлігін құрайды. Негізгі мектеп 
пәндерінің (яғни олардың бағдарламаларының) мазмұнын дамы-
ту әдісінің өзі дәстүрлі психология мен дидактикада бөліп 
көрсетілетін жалпылаудың даму кезеңдерін ескере отырып, тари-
хи түрде жинақталады. «Мектептегі оқыту бағдарламасы, әдетте 
мектеп оқушыларында жалпылаудың дамуының берілген заңды-
лықтарын ескереді. Оқушыларды біртіндеп сезімдік қабылдан-
ғанды − көрнекті берілгенді, нақты материалды бақылау және 
зерттеу арқылы жалпылауға алып келеді». «Мектеп балаларды 
оқыта отырып, олардың ойлауының даму деңгейімен үздіксіз 
санасып отыруға міндетті. Сондықтан сенімді түрде мектеп 
бағдарламалары белгілі деңгейге дейін оқушылар ойлауының 
дамуының жалпы барысын білдіреді деп есептеуге болады».
Осы теориялық жағдайларға сәйкес мәселе мынада болып 
отыр: оқушылар ойлауының жалпы даму барысының және сол 
дамуды анықтау кезеңдерінің жалпы психологиялық заңдылық-
тары бар. Оқыту тәжірибесінде қалыптасқан мектеп бағдарла- 
малары қалай да осы заңдылықтарды ескереді және оларды 


344 
бейнелейді. Сондықтан оларды құру әдісі еркін және «ойдан 
жасалған» болып табылмайды, оның негізінде объективті 
психологиялық заңдылықтар жатыр. Олар, мысалы, орыс тілі 
пәнінің концентрациялық түзілуінде өз бейнесін табады. Төменгі 
сыныптарда балалар көбіне тілдік құрылымдардың ішкі жеке 
ерекшеліктерімен танысады. «Бастауыш сынып оқушыларының 
жасының кіші болуы олардың түсініктеріне көптеген тілдік 
құбылыстар мен заңдылықтарды қол жетпейтін етіп тастайды, 
осыдан орыс тілін оқытуды концентрациялық етіп құру қажет-
тілігі шығады». «Бастауыш мектепте грамматиканы үйрену 
қарапайым-тәжірибелік сипатқа ие». Тек жоғарғы сыныптарда 
балалар нағыз грамматиканы үйренуге көшеді. 
Математиканы оқыту саласында жалпылау мен көңіл аудару-
ды дамыту заңдылықтары арифметика мен алгебра оқытылатын 
үйреншікті ретпен өздерінің көріністерін табады. Біріншісі 
төменгі сыныптарда шоғырланады, екіншісі арифметика негізін-
де одан кейін ғана үйретіледі. «Барлық мектеп бағдарламала-
рында арифметиканы оқыту төменгі сыныптарда жүреді, ал 
алгебра жасөспірімдерге оқытылады. Арифметика мен алгебра-
ның айырмашылығын психологиялық көзқарас тұрғысынан 
арифметикада сандар-цифрларды есептей отырып, жеке эмпири-
калық сандар ойлайды, ал алгебрада болса, әріптермен әрекет 
жасай отырып, оның астарында осы тәрізді кез келген сандар 
ұғынылады дегеннен көруге болады». 
Осындай әдіспен әдетте табиғаттануды, тарихты, басқа да 
мектеп пәндерін оқыту кезінде концентризм психологиялық 
тұрғыдан негізделеді. Сондықтан, әрине, осындай бағдарламамен 
іс-жүзінде оқыту, өз кезегінде, оқушылардың қарастырылған 
контингентінде психологияда анықталып, сипатталып, дидакти-
ка мен әдістемде бекітілген ақыл-ой дамуының сол заңды 
кезеңдерін қалыптастырады деп ұйғаруға болады. 
Ақыл-ой дамуының заңдылықтары дидактиканың бірқатар 
ұстанымдарының, атап айтқанда, 
көрнекілік
ұстанымының негізі 
болып қызмет етеді. Ол, шын мәнінде, констатациялаушы 
негіздемелердің бірі болып табылатын бастауыш білім беруде 
ерекше маңызды рөл атқарады, өйткені бастауыш мектеп 
оқушыларының ойлауы нақты-бейнелік сипатқа ие: «Бастауыш 
мектеп оқушыларын оқытуда көрнекілік – көрсетілген байла- 


345 
нысты орнатудың басты жолы. Көрнекілік баланың жаңаны 
түсінуін жеңілдететіндігінің тағы да бір себебі – мектепке 
жаңадан келген бала нақты ойлайтындығы». Бұл ұстаным, өзінің 
сыртқы формасын (мысалы, бақылау экспериментпен алмасады, 
т.б.) өзгерте отырып, жоғары сыныптарда да кеңінен қолданы-
лады. 
Көрнекілік ұстанымы заңды түрде жоғарыда көрсетілген 
ұғым түзілуінің схемасымен байланысты. Ұғым (абстракция) 
үшін қабылдау мен оған сүйенген елес бастапқы қызметті атқару 
бөлімі болып табылады. «Әрбір абстракцияның негізі ойлауға 
жататын шынайы заттардың тірі елесі болуы керек. Сондықтан 
оқыту барысында білімнің шынайы заттар туралы әрбір хабар-
ламасы балаларда осы заттар туралы тірі елестер қалыптасты-
рудан басталуы қажет». «Жанды елес», ұғымның сезімдік 
негізінің бай болуы сәйкес заттар мен олардың бейнелерін 
бақылауды, яғни оқытудағы көрнекілік принципін қарастырады. 
Көрнекілік нақты және анық қабылдау мен елестету бейнелерін 
түзуге ықпал етеді, оқушылардың нақты заттарды қабылдаудан 
олар туралы абстрактілі ұғымдарға өтуіне заттардың ортақ ұқсас 
жақтарын бөлу және сөзбен бейнеленуі негізінде көмектеседі. 
Басқаша айтқанда, көрнекілік вербалды, таза ауызша оқы-
туға қарсы тұрады, пікірлесу формасындағы жүргізілген ауызша 
түсіндірудің мәні шынайы, заттық, сезімдік түрде берілген негіз 
келтірілмейінше оқушыларға түсініксіз күйінде қалады. 
Көрнекі оқытудың құралдарын әдетте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет