336
арасындағы айырмашылықты жеңеді. Бұл айырмашылықты
толтыратын негізгі құрал баланың сезімдік тәжірибесін байыту
болып табылады. Алғашқы жалпылау неғұрлым абстрактілі
болса, оның толыққанды меңгерілуі солғұрлым көбірек
нақты-
лауды
талап етеді. Нақтылаудың өзі түсінікті қолдану үдерісінде,
оған жеке фактілерді жүргізуге берілген тапсырмаларды шешуде
немесе оқушылардың нақты материалдағы жалпы ережелерді
ашуында жүзеге асады. Абстрактілі білімді шынайы меңгеру оны
нақты-сезімдік мазмұнмен байытудың шамасына қарай өтеді.
«Осылайша, абстрактілінің дамуы елестетулер мен қабылдау-
лардың жинақталуына тәуелді».
Басқаша айтқанда, түсініктік жалпылаудың қалыптасуы бұл
тек нақты мен дараның абстрактілі мен жалпыға, сондай-ақ
керісінше, жалпы мен абстрактіліден жекеге және жалпының
сезімдік тәжірибеге қолайлы дара көріністеріне қарай қозғалыс
жасау болып табылады. Жалпының нақты сезімдік көріністерінің
кеңдігі мен әр түрлілігі түсінікті меңгеру дәрежесінің көрсеткіші
болады. Бұл идея психология оқулықтарының бірінде айқын
мазмұндалады: «Егер ол әр алуан жануарлардың әр түрімен
таныс емес болса, осы жануарлардың көрнекті бейнелерін
елестете алмаса, онда ол жануар түсінігін меңгере алады деп
айтуға болмайды. Түсінікті меңгеру, яғни берілген түсінікке
жататын заттар туралы барлық білім жиынтығын меңгеру болып
табылады. Біз неғұрлым осыған жақындаған сайын, солғұрлым
берілген түсінікті жақсы меңгереміз. «Өзгеріссіз қалмайтын,
қайта білім кеңіген сайын өз мазмұнын өзгертіп отыратын түсінік
дамуының мәні осында».
Достарыңызбен бөлісу: