355
терді талдай отырып, жануарлардың орта өзгерістеріне бейімде-
луін іске асыратын механизмнің типі олардың психикасы
дамуының жалғыз белгісі бола алмайды деген қорытындыға
келеді. Ол жануарлар дамуының инстинкт – дағды – интеллект
деген дәстүрлік схемасына қарсы шықты. А.Н. Леонтьев жа-
нуарлар психикасы дамуының негізгі кезеңдерін айқындауда, ең
алдымен, оларды қоршаған ортамен байланыстыратын және
олардың шындықты бейнелеу формаларын анықтайтын, жануар-
лар іс-әрекетінің объективті құрылысын ескеру керектігін
көрсетті. Бұл бағыттың негізінде (бейнелеу формалары бойынша)
ол келесі кезеңдерді бөліп көрсетті: қарапайым сенсорлық
психика, перцептивті психика және интеллект.
А.Н.
Леонтьев, сонымен қатар тіршілік ету жағдайының
өзгеруі жануарлардың іс-әрекет
(мінез-құлық) құрылысындағы
өзгеріске қалай алып келетіндігін көрсетті, бұл өз кезегінде –
бейнелеу
формасын өзгеріске түсіреді. Сонымен қатар ол бейне-
леу формаларының дамуы мен іс-әрекет құрылысының дамуы
арасында кейде тура сәйкестіктің болмайтындығын көрсетті:
бейнелеу формасы іс-әрекет құрылысынан қалып қалды.
А.Н. Леонтьев іс-әрекет құрылысының түрлі типтерін және
бейнелеудің түрлі
формаларын көрсете отырып, олардың
барлығы инстинктік-биологиялық заңдар шеңберінде қалады деп
атап айтты.
Адам санасының пайда болу жағдайларын талдай отырып,
А.Н. Леонтьев бұл жағдайда да енді еңбекке айналған және таби-
ғи емес, қоғамдық байланыстарға бағынатын іс-әрекет құрылы-
сының ерекшеліктері психиканың ерекшеліктерін тудыратынын
көрсетеді.
Субъектіні әлеммен байланыстыратын
іс-әрекетті
А.Н. Леон-
тьев психологияның пәні ретінде қарастырды. Ең алдымен ол өз
зейінін іс-әрекеттің құрылымын, құрылысын зерттеуге бағыт-
тады. Ол сараланған іс-әрекеттің негізгі элементтері ретінде
мақсат пен мотивті объективтендірді,
ішкі толғаныстар емес,
субъектінің іс-әрекетін бағыттайтын сыртқы заттар ретінде
түсіндірді. Іс-әрекет мотивін ол тек субъектінің бір нәрсеге деген
қажеттілігі, қажетсінуі ретінде ғана емес,
заттанған қажетті-
лік
ретінде, субъектіні әрекетке оятатын
объект
ретінде анық-
тады.
356
А.Н. Леонтьев іс-әрекет, әрекет, операциялар түсініктерін
ажыратады. Ол іс-әрекетті субъектінің шындыққа өмірлік,
белсенді қатынастарын іске асырушы үдерістер деп түсінеді. Іс-
әрекетке тән ерекшелік мотив пен
мақсаттың сәйкестігі болып
табылады. Ол өзі қол жеткізуге бағытталған мақсатпен оятылады
(
Леонтьев, 1965).
«Адамның жеке іс-әрекеттерінің негізгі құрау-
шылары оларды іске асырушы әрекеттер болып табылады.
Әрекет деп біз қол жеткізілуі тиіс нәтиже туралы көзқарастарға
бағынышты үдерісті, яғни саналы мақсатқа бағынышты үдерісті
айтамыз. Мотив түсінігі іс-әрекет түсінігімен сәйкестенетіні
сияқты, мақсат түсінігі әрекет түсінігімен сәйкестенеді».
Осылайша, А.Н. Леонтьев әрекетті оның мақсатынан емес, сол
әрекет іске асыратын іс-әрекеттің мотивінен туындаған, мақсатқа
бағытталған үдеріс ретінде анықтайды. Іс-әрекетке қарағанда
әрекетке тән қасиет мотивтің мақсатпен сәйкес еместігі болып
табылады.
А.Н. Леонтьев операцияларды әрекетті іске асыратын тәсіл-
дер ретінде анықтайды. Сөйтіп, операциялар әрекеттердің моти-
віне де, мақсатына да емес, мақсат қойылған жағдайларға сәйкес
келеді.
Операциялар әрекеттерден
туындайды: «...әрекеттің
мақсаты орындалу жағдайы
ретінде басқа
әрекетке кіргенде,
бірінші әрекет екіншісінің
іске асу тәсіліне, саналы операцияға
айналады».
Сонымен, А.Н. Леонтьев өзгертілген сыртқы іс-әрекет ретін-
дегі психика туралы тезисті ұсынып қана қойған жоқ, сонымен
қатар оның онтогенез үдерісіндегі іске асуын да тыңғылықты
зерттеді. Бұл мәселені жүйелілікпен және біртіндеп зерттеген
П.Я. Гальперин мен оның қызметтестері болды.
Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л.
Рубинштейннің
және олардың ізбасарларының жұмыстары 40-жылдардың
соңында кеңестік психологияның негізін құрайтын үш негізгі
принципке: 1) психиканы іс-әрекет ретінде түсінуге; 2) адам
психикалық іс-әрекетінің әлеуметтік табиғатын мойындауға;
3) психикалық іс-әрекет пен сыртқы, практикалық іс-әрекеттің
бірлігін мойындауға алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: